Колледж теміржол мекемелерімен келісімшартқа отырды

Аймақтар
03.02.2025, 12:13
Оқуға 1 мин
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

«Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында Шалқар көпсалалы колледжі дуалды оқыту жүйесі аясында теміржол мекемелерімен келісімшартқа отырды.  

Енді аймақтағы Шалқар электрмен жабдықтау дистанциясы, «Қамқор локомотив» ЖШС, Ақтөбе локомотив пайдалану депосы, Шалқар сервистік орталығы, «Қамқор Вагон» ЖШС және Шалқар вагон жөндеу депосының қызметкерлері білім ордасындағы өндірістік сабақтарға қатысып, болашақ теміржолшылардың білім-білігін арттыруға атсалысатын болады.  

Бұл бастама жұмысшы мамандықтарының маңыздылығын арттыруға, жастарды осы салаға тартуға және еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша білікті кадрларды даярлауға бағытталып отыр. Колледж базасында теміржол мамандықтары бойынша Республикалық оқу-әдістемелік бірлестігі бар. Бірлестікте теміржол мамандықтарына арналған Мемлекеттік білім беру стандарттары, ережелер, әдістемелік нұсқаулықтар әзірленген.  

– Шалқар көпсалалы колледжі дуалды білім беру жүйесі аясында теміржол мекемелерімен серіктес болды. Шалқар ауданындағы техникалық және кәсіптік білім беру саласында теміржолшылар өндірістік педагог ретінде шақырылды. Білім ордасындағы студенттер теміржол мекемелеріндегі жұмыс процесімен танысып, ішкі жұмыстарға қатыса алады, – дейді Шалқар электрмен жабдықтау дистанциясының өндірістік оқыту шебері Ерғазы Серғазин.

Шалқар көпсалалы колледжінде бүгінде 250-ден астам студент білім алуда. Олардың негізгі құрамын Шалқар қаласының жергілікті тұрғындары мен ауылдық елді мекендерден келген студенттер құрайды. Оның ішінде Ақтөбе облысы, Ойыл ауданынан келген бірнеше жас тепловоз машинисінің көмекшісі мамандығын игеруде.    

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды