Мереке иелеріне құрмет көрсетілді

Аймақтар
13.03.2025, 09:44
Ардақ Үсейінова

"Қазақстан теміржолшысы" газетінің Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі

Қиындығы мен жауапкершілігі мол салада ер азаматтармен бірдей қызмет атқарып, адал еңбек етіп жүрген қыз-келіншектер көп. Әулетімен бірге саналы ғұмырын теміржолға арнаған аналар да бар.

Солардың ішінде жемісті жұмысымен көзге түскен мамандарды «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС «ЖТ Жамбыл бөлімшесі» филиалының директоры Айдын Сеитбенбетов 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай арнайы құттықтап, сый-құрмет көрсетті.

Бұл күні Жамбыл филиалы және салалық кәсіподақ ұйымы ерекше мерекелік құттықтау ұйымдастырды. Таңертең Жамбыл бөлімшесіндегі әйел азаматтарды гүл шоқтарымен қарсы алып, мерекелік көңіл күй сыйлады.

– «ЖТ Жамбыл бөлімшесі» филиалында түрлі қызметтерді үлкен жауапкершілікпен атқарып жүрген аналар, қыз-келіншектер теміржол саласының дамуына зор үлес қосып келеді. Мерекеге орай оларға сый көрсетсек, бұл адал еңбекке деген құрмет. Жалпы, бұл мамандықты көп жағдайда теміржолшылар әулетінің ұрпағы таңдайтынын ескерсек, өз жұмысына адал еңбек иелерінің әсіресе, болашақ мамандарды даярлау ісіндегі рөлі ерекше. Ананың тәрбиесін, әкенің өнегесін көріп өскен жас жеткіншектерден келешекте мықты теміржолшы шығады, - дейді Айдын Сеитбенбетов.

Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті