Тораптық жарыс өтті

Аймақтар
26.03.2025, 13:55
Ардақ Үсейінова

"Қазақстан теміржолшысы" газетінің Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі

Жамбыл бөлімшесінің кәсіподақ ұйымы Наурызнама онкүндігі аясында теміржолшылар арасында тораптық жарыстар өткізді. Тараз станциясында спорттың үш түрі бойынша  ұйымдастырылған жарыс өте жоғары деңгейде өтті және  қатысушылар қатары да көп болды.  

Шахмат пен үстел теннисінен бәсеке әрқашан жоғары. Кір тасын көтерушілердің бәсі одан да асып түсіп, жанкүйерлері де көп болды.  

Шахмат сайысы бойынша турнирде жүлделі үш орынды ЭЧ-23 электрмен жабдықтау дистанциясының аға энергодиспетчері Жарас Тұрарбек, ТЧЭ-31 Жамбыл локомотив пайдалану депосының инженер-технологы Адылхан Бекбердиев және ЭЧ-21 дистанциясының өндірістік оқыту шебері Марат Құлбаев иеленді.

Бөлімшенің спорт нұсқаушысы Евгений Тян гир көтеруден ардагер теміржолшылар да бақ сынап, жарыс көрігін қыздыра түскенін айтады.  

Соның бірі – Андрей Швалев қарсыласына аз ғана ұпаймен жол беріп, екінші орынды еншіледі. Оның есе жіберген спортшысы – ВП-35 қалпына келтіру пойызының жүргізушісі Гиас Абдрахманов жеңіс тұғырына көтерілді. Ал ВП-35 тракторшысы Асылбек Сәрсембаев үшінші орынды қанағат тұтты.

Үстел теннисінен өткен жарыста Жамбыл магистральдық желі бөлімшесінің қызметкері Райымбек Мамбетов жеңімпаз атанды. ТЧЭ-31 машинисі Әнуар Ақылбеков пен Ғалымжан Нұртаев 2 және 3 орындарды өзара бөлісті.

Жарыс жүлдегерлері грамоталармен, медальдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті