Теміржолшысы көп қала

Аймақтар
26.03.2025, 15:20
Нұрлыбек Досыбай

Түркістан облысы бойынша меншікті тілші

Арыс қаласының орталық алаңында Әз-Наурыз кең көлемде тойланды. Мұнда тұратын 45 мың тұрғынның 5 мыңнан астамы теміржол саласының түрлі мекемелерінде еңбек етеді. Сондықтан да бұл Түркістан облысы бойынша ең көп теміржолшы тұратын қала санатына жатады.

Қала деңгейінде кең ауқымда тойланған мерекеде Арыс теміржол торабының мекемелері – Арыс станциясы мен ВЧД-30, ТЧЭ-32, ПЧ-54, ШЧ-38 және Әскерилендірілген теміржол күзеті ұйымының өкілдері бірнеше күйіз үйден құралған «Теміржолшылар ауылын» тіктеді. Сөйтіп, оның ауласында ұлттық спорттың 5 түрінен асық ату, арқан тарту, ләңгі тебу, қол күресі және қошқар көтеру сынды сайыстар өткізді. Ал «Қазкөліккәсіп» ҚБ бірлестігінің Шымкент филиалы ұжымының атсалысуымен өнер көрсеткен әрбір қатысушыға бағалы сыйлықтар табыс етілді. Келген қонақтарға ұлттық тағамдардан дәм ұсынып, құрмет-қошеметтің үлгісін көрсетті. Ән, жыр айтып, өз өнерлерін паш етті.

Сондай-ақ сән-салтанаты жарасқан ақ боз үйге қала әкімі Қ.Маңқараев та елмен бірге бас сұғып, жергілікті теміржолшыларды айтулы Әз-Наурыз мейрамымен құттықтады. Ал күн ұзаққа созылған мерекелік жиында өнер көрсеткен теміржолшыларды НОД-9 мекемесінің бас инженері Ілияс Нұржанов марапаттап, бағалы сыйлықтар мен алғыс хаттар табыстады.

Айта кетейік, Арыста Наурызнама онкүндігі аясында ұлттық киімдер күніне арналған «Наурыз көктем – Этно Fashion» атты ерекше флешмоб пен шеру өткен болатын. Қаланың басты көшелерінің бірі – Әл-Фараби даңғылы бойынан бастау алған сәндік шеру Орталық алаңда қорытындыланды. 500-ге жуық қала тұрғыны мен қонақтарды қамтыған бұқаралық сипаттағы мұндай жиынға арыстық теміржолшылар да белсенді қатысты.

Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда