Шымкент вокзалы маңындағы алып сағат қайта іске қосылды

Аймақтар
12.05.2025, 11:34
Нұрлыбек Досыбай

Түркістан облысы бойынша меншікті тілші

Шымкент қаласының орталығындағы маңызды нысандардың бірі — теміржол вокзалы маңындағы айналма жолдың қақ ортасында орналасқан символдық сағат қайта жаңғыртылып, іске қосылды. Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес жүзеге асқан бұл бастама еліміздегі үшінші мегаполистегі көрнекті нысандардың бірі ретінде қайта жанданды.

Вокзал – қаланың кіреберіс бас қақпасы болғандықтан, оның көркі мен безендірілуі, жолаушыларға жайлы қызмет көрсетуі ұтымды ұйымдастыру мызғымас алғышарттардың бірі. Сондықтан да Шымкент қаласындағы жергілікті атқарушы билік өкілдері Шымкент вокзалы мен оның айналасының аббаттандырылуына жіті көңіл бөліп келеді.

Жалпы, теміржол вокзалы ғимараты өткен жылы ғана күрделі жөндеуден өтіп, заманауи үлгіде қайта жаңғыртылып пайдалануға берілген болатын. Тәулігіне 27-28 пойыз қабылдап-жөнелтуге қауқарлы вокзалдың сан түрлі сервистік қызметін бүгінгі таңда орта есеппен 6 мың жолаушы пайдаланады. Мұнда Шымкент магистральдық желі бөлімшесі филиалының вокзал шаруашылығы бөліміне қарайтын 21 маман аталған нысанда еңбек етіп, тәулік бойы тынымсыз тер төгіп келеді. Енді міне, көп уақыт өтпей вокзалдан қалаға шыққан беттегі айналма жолдың ортасындағы мұнаралы сағатты жөндеуден өткізіп, қайта іске қосты. Ендігі жерде бағана басындағы төрт жаққа бағытталған сағаттар уақыт дәлдігін менмұндалап көрсетіп тұрады. Әкімдік өкілдерінің айтуынша, қала келбетінің бір бөлшегіне айналған бұл нысанға швейцариялық «Hublot» маркасының қосалқы бөлшектері пайдаланылған.

Негізінен, бұл Шымкент қаласы бойынша қоғамдық орталықта орналасқан жалғыз ғана алып сағат. Сол себепті де оның қайта іске қосылуы – тұрғындар мен қала қонақтары үшін жағымды жаңалық болды.

 

Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Инновациялық идеялар жаршысы
Жаңалықтар / Мұрағат
15.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №73 15 қыркүйек 2026 жыл
Аймақтар
14.09.2026
Түрксібтің төл туындысына – 95 жыл
Жолаушылар тасымалы
14.09.2026
Пойызда үй жануарларын алып жүру кезінде жолаушы нені білуі керек?
Әлемде
14.09.2026
Ресей теміржолдарында пойыздардың рельстен шығуы мен соқтығысуы 13%-ға артты
Әлемде
14.09.2026
Alstom Канадаға 313 жолаушылар вагонын жеткізеді
Жаңалықтар
14.09.2026
Қызметтік иттердің көмегімен теміржолда 74 есірткі дерегі анықталды