Қала келбеті – теміржол бойынан басталады

Аймақтар
20.05.2025, 08:26
Суретті түсірген автор
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Семей магистральдық желі бөлімшесінің басшысы Айдын Шәукежанов облыс әкімі Берік Уәлимен бірге облыс орталығын көктей өтетін теміржол бойының тазалығын қадағалап шықты. Әсіресе Жаңа-Семей мен Семей станциясына кіреберіс жол жиектеріне ерекше назар аударылды.

Мақсат – желі бойының тазалығы мен эстетикалық келбетін жақсарту. Осы орайдағы атқарылуы тиіс іс-шараларды пысықтау болатын. Тексеріс барысында облыс орталығының ішінде және шеткері аумақтарында бірқатар жерлерде қоқыс үйінділері бар екені анықталды. Шаһарға кіріп келе жатқан жолаушылар пойызының терезесінен қарағанда жайсыздық тудыратын бұл көрініс қала тазалығы үшін үлкен сын. Желінің қос қапталын теміржолшылар өз күштерімен тазалап, апта сайын сенбілік жұмыстарын өткізгенімен, станция басынан тыс аумақтардағы жағдай аса жақсара қоймаған сыңайлы. Көбінесе жеке сектордағы ахуал алаңдатарлық. Бұл ретте тіпті теміржол бойына қоқыс төккен тұрғындарға 20 АЕК, заңды тұлғаларға 30 АЕК-тен бастап 100 АЕК-ке дейін айыппұл салу нәтиже берер емес.  

Осы орайда облыс әкімі қала әкімдігінің өкілдеріне теміржол бойындағы аумақтарды бақылауда ұстап, жол жиегінде шашылып жатқан қоқыстарды дереу шығаруды тапсырды. Тазалық талаптарын орындамағандарға заң аясында қатаң түрде тиісті шара қолданылатынын ескертті.

– Теміржол жиектерінде шашылып жатқан қоқыс өте көп. Қаламызға келетін қонақтар осының бәрін көріп жүр. Мұны тез арада ретке келтіру қажет. Қалаға кіреберіс теміржол жиектері мен тас жолдардың маңындағы барлық қоқыстарды жинап, шіріген ағаштарды тазарту керек, – деді бұл орайда облыс әкімі.  

Осы сапар қорытындысы бойынша көп ұзамай атқарылуы тиіс бірқатар іс-шаралар жоспары қабылданды. Атап айтсақ, теміржол бойының жекелеген аумақтарына «Қоқыс тастауға болмайды» деген белгішелер қойылатын болды. Сонымен қатар ендігі аралықта жаяу жүргіншілер өтетін жол өтпелеріне арнайы бейнекамералар орнатылмақ. Бұл орайда желілік полиция қызметі күшейтілмек. Сөз орайында НЖС-6 басшысы Айдын Мақсұтбекұлы теміржолшылар қауымы жүргізіп жатқан сенбілік жұмыстарына тоқталып өтіп, желі бойындағы тазалық мәселесі бойынша қалыптасқан ахуал жайлы түсінік беріп өтті.  

Айта кетсек, Семей ЖТ бөлімшесі бойынша 5 сәуірден бастап «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында облыс әкімінің бастамасымен жалпыөңірлік тазалық акциясы басталған болатын. Апта сайын өткізілетін сенбіліктерге желі бойындағы барлық станциялардағы теміржолшылар қауымы атсалысып, 20 мың тоннаға жуық қатты тұрмыстық қалдықтар қоқыс полигонына шығарылды. Бұл жұмыстар алдағы уақыттарда да жалғаса бермек. Себебі тамыз айында облысымызда республикалық деңгейдегі бірқатар қоғамдық іс-шаралар өткізіледі. Атап айтсақ, Абай хакімнің 180 жылдық мерейтойы кең көлемде тойланбақ. Яғни ел түкпірі мен шет елдерден ағылатын қонақтар саны да көп болары анық. Демек, желі бойындағы тазалық та тәртіп пен талапқа толық сай болуы тиіс.  

 

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады