Жамбыл жол бөлімшесінде маусымдық бақылау қорытындысы шығарылды

Аймақтар
27.05.2025, 09:04
Суретті түсірген автор
Ардақ Үсейінова

"Қазақстан теміржолшысы" газетінің Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі

Қыс маусымынан кейін жыл сайын дәстүрлі түрде өткізілетін тексерулер пойыздар қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталады. Жамбыл жол бөлімшесіне қарасты құрылымдарға қатысты 15 сәуір – 6 мамыр аралығында жүргізілген көктемгі комиссиялық байқау жұмыстары кеңейтілген жиында қорытындыланды.

Жиында «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС «Жамбыл ЖТ бөлімшесі» филиалының директоры Айдын Сеитбенбетов жыл санап теміржол арқылы жүк және жолаушылар тасымалының көлемі артып келе жатқанын атап өтті. Сондай-ақ қауіпсіз қозғалысты қамтамасыз ету үшін барлық құрылымдар маусымдық кезеңдерде жолдың жалпы жағдайына жауапты екенін ескертті.  

Жамбыл жол бөлімшесінде жүргізілген комиссиялық тексеру жұмыстарының қорытындысы бойынша анықталған кемшіліктер толық сараланып, оларды жоюға уақыт берілді. Өз жұмыстары бойынша есеп берген жауаптылар мен баяндамашылар олқылықтарға жеке-жеке тоқталып өтті. Сонымен қатар басқа құрылымдық бөлімшелерге үлгі ретінде міндеттемелерді өз деңгейінде орындаған мекемелер де ескерусіз қалмай, басшылары алғыс хаттармен марапатталды. Маусымдық кезеңге дайындық жұмыстарын жақсы жүргізгендер ішінде Аңырақай, «Бірлік-1», Бурыл, Қаратау, Жаңатас, Малдыбай, Сарышаған, Шөлдала, Шу, Тараз, Қашқантеңіз, Хантау секілді станциялар бар.  

Маусымдық комиссиялық тексеру кезінде жол инфрақұрылымы, жер төсемі, жасанды құрылыстар, энергиямен жабдықтау, автоматика, телемеханика, байланыс құрылғыларының жай-күйі бақылауға алынатыны белгілі. Сондай-ақ техникалық құжаттаманы жүргізу, пойыздар қозғалысы мен еңбек қауіпсіздігі сынды басым бағыттар да назардан тыс қалмайды. Баяндамашылардың сөзіне сүйенсек, тексеру кезінде бірқатар міндеттемелер тиянақты орындалмаған болып шықты. Комиссия жұмысынан кейін тіркелген кемшіліктерге қатысты 1537 ескерту берілген.  

Кемшіліктердің 394-і қозғалыс шаруашылығы және жүк тасымалы жұмысына қатысты болса, оның 147-і техникалық құжаттаманы жүргізу бойынша тіркеліп отыр. Сонымен қатар пойыздар қозғалысы қауіпсіздігі бойынша – 117, еңбекті қорғау бойынша 130 ескерту беріліпті. 14 тыйым салынған шараларды сақтау туралы шешім қабылданған. Осыған байланысты 2 қызметкер қайта аттестаттауға жіберілді. Ал вагон шаруашылығына қатысты 87 ескерту дерегі тіркеліп, 11 вагон ағытылып, ағымдық жөндеуге жіберілген. Өткен жылғы есепті кезеңде 82 кемшілік анықталған болатын. Локомотив шаруашылығында нақтыланған 102 деректің 13-іне қатысты тыйым салу қабылданып, 12 локомотив пайдаланудан шығарылған.  

Бұл – «Жамбыл ЖТ бөлімшесі» филиалының құрылымдық бөлімшелеріне қатысты деректер. Ал комиссиялық тексеруден кейін «Жамбыл магистральдық желі бөлімшесі» филиалына қарасты бөлімшелерге қатысты 954 ескерту берілді. Оның 653-і қозғалыс қауіпсіздігіне, 199-ы еңбекті қорғау бойынша, 52-сі өзі жүретін жылжымалы құрамға, 50-і өрт қауіпсіздігіне қатысты болып отыр. Белгі беру және байланыс дистанциясы шаруашылығында – 156, электрмен жабдықтау дистанцияларында 172 кемшілік анықталған. Жол шаруашылығына қатысты 325 дерек тіркеліпті. Соның ішінде жолды күтіп ұстау және бағыттамалық бұрмаларды ажырату кезінде жіберілген өрескел ауытқуларға байланысты 20 тыйым салу шарасы қабылданған. Жалпы комиссиялық тексерудің қорытындысы бойынша 48 қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылған. Сондай-ақ берілген 1537 ескертудің бүгінге дейін 1153-і жойылып, 384-і орындалуда.  

 

Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті