Көктемгі сын нені көрсетті?

Аймақтар
03.06.2025, 08:40
Суреттерді түсірген автор
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Атырауда көктемгі байқауды қорытындылау жиыны өтті. Оған барлық құрылымдық бөлімшелер басшылары мен жауапты мамандар қатысып, өз салалары бойынша жауап берді.

Атырау жүк тасымалы бөлімшесі бастығының бірінші орынбасары А.Ізтілеуовтың баяндауынша, көктемгі тексеріс кезінде барлығы 372 кемшілік анықталған. Ең басты кемшілік – мекеме басшылары мен орынбасарлары тарапынан қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша лауазымдық міндеттерінің жеткілікті деңгейде атқарылмауы. Нормативті-техникалық құжаттаманы жүргізуге бақылау кемшін. Жұмысшылардың біліктілігі мен білім деңгейі, техникалық сабақтардың сапасы төмен жағдайда, станцияларда, локомотив, вагон деполарында техникалық сабақтар жеткілікті деңгейде өтпейді. Тексеру барысындағы білімін байқау кезінде аталған мекеме жұмысшылары технологиялық процесті орындау бағытындағы сұрақтарға жауап бере алмай, төмен білім көрсеткен. Нәтижесінде 13 адам білімін қайта тексеруге жіберілген.  

Жол шаруашылығы бойынша барлығы 1038 ескерту анықталған. Ескірген шпалдар, бағыттамалы бұрмалардың бекітпелері осал, дұрыс жұмыс жасамай қалады. Сағатына 40 км төмен жылдамдықпен жүретін участоктер де кездеседі. Атырау магистральдық желі бөлімшесінің бастығы Аралбай Қосымбаевтың айтуынша, жолдардың сапасыздығы әсіресе Атырау – Мақат, Мақат – Сағыз аралығында көбірек анықталған. Көктемгі тексеріс барысында ПЧ-9 бойынша 15 жерде жолды жабу, 40 жерде жылдамдықты шектеу шарасы қолданылса, ПЧ-11 бойынша 1 жолды жабу, 12 шектеу орын алды. Жалпы, қазіргі жолы нашар участок Атырау – Құлсары жолы деп саналып отыр. Былтырғы жылы 69,6 шақырым күрделі жөндеуден өткен. Жол сапасы жақсаруының нәтижесінде жолаушылар пойызының жылдамдығы 60км/сағ-120км/сағатқа, жүк тасымалы пойызының жылдамдығы 50км/сағаттан 100км/сағатқа көтеруге ықпал еткен. Биыл 66,7 шақырым жолға күрделі, 3,425 шақырымға орташа жөндеу жоспарланған.  

Бөлімше бас ревизоры Жәнібек Көбеевтің баяндағанындай, қай мекемеде болса да басшылар тарапынан қадағалау, нормативтік құжаттарға сай талаптарды орындау, құжаттарды жүргізуде кемшіліктер бар, жұмысшылардың мамандығына сай білім дәрежесі төмен жайттар да кездеседі. Деполарда машинист-нұсқаушылармен локомотив бригадалары құрамымен тәрбиелік-алдын алу жұмыстары жеткілікті деңгейде жүргізілмейді, машинист жұмысын бақылау, қозғалыс қауіпсіздігін сақтау бойынша кешенді ұйымдастыру және техникалық шаралар жеткілікті жүзеге асырылмайды. Локомотив деполарында таспа реттеу цехтарының жұмысы да нашар жүргізіледі, басшылар мен орта буын, нұсқаушылар тарапынан өздеріне қарасты мәселелер бойынша қажетті шешім алынбайды. Атап айтқанда, жұмыс технологиясын, қозғалыс қауіпсіздігін сақтау мақсатында ұйымдастырушылық және техникалық шаралар алу, цехтар мен учаскелерді тексеру, локомотивті жөндеу сапасын қадағалау, жылдамдықты реттеу лентасы мен кассетасының дұрыс көрсетуін, жөндеуден шыққан локомотивтердің жағдайын тексеру, т.б.  

Вагон қараушылар тарапынан вагонды қарау кезінде қозғалыс қауіпсіздігіне әсер ететін кемшіліктер анықталмай жатады. Жоспардан тыс техникалық сабақтар да уақытылы өткізілмейді. Сондықтан өндірістік-техникалық қызмет көрсетудің сапасын арттырып, вагон қараушылардың жұмысына бақылау жүргізу қажет. Бақылау-жөндеу пункттерінде жөндеу сапасын, технологиялық процеске асығыстықпен қараушылық та бар. Мәселен, 44 жүк вагонның 12-сі тексеру кезінде кері қайтарылып, пайдаланудан алынып тасталған. Депода қосалқы бөлшектер де жеткіліксіз, соның кесірінен ағымдағы жөндеу жасауға кедергі бар. Жолаушы вагондарына қажетті қосалқы бөлшектер де жеткіліксіз жағдайда. Қосалқы бөлшектерге мерзімінде тапсырыс беріп отыру ескеріле бермейді.  

Қалпына келтіру және өрт сөндіру пойыздарында да техникалық сабақтар деңгейі төмен, білім деңгейлері тексерілген журнал дұрыс жүргізілмейді, техникалық құралдардың жай-күйіне де жеткілікті көңіл бөлінбейді. Байланыс және электрмен қамту динстанцияларында да кемшіліктер бар. Желілік учаскелерде құралдар сапасын тексеру дұрыс жүргізілмейді. Мойындық жолдардағы бұрмалар, бағдаршамдар, КТСМ құрылғылары үздіксіз жұмыс жасауы тиіс. Электр қазандары, электр желілерін, бағыттамалы бұрмаларды сыртқы тексеруді, рельс шынжырларының оқшаулау элементтерін тексеруді жүргізу және жөндеу бағытындағы кемшіліктер бар. Сондай-ақ мал басу қаупі басым жерлер де оқшауланбаған. Мәселен рзд №11 – Сазанқұрақ, Сазанқұрақ – Нарын, Нарын – рзд №14 аралығы – малдың ең көп шоғырланатын тұсы. Сондықтан осы аймаққа қоршау салу кезек күттірмейтін мәселе екендігін атап өтті бас ревизор.  

Жиын барысында барлық нысандардағы өрт қауіпсіздігі мәселесі сын көтергісіз жағдайда екені де баса айтылды. Сондықтан барлық мекемелерде өрт қауіпсіздігіне жауапты адамды бекіту ұсынылды. Жалпы алғанда, аймақта қозғалыс қауіпсіздігі, еңбек қорғау және қауіпсіздік техникасы, техникалық құралдардың жағдайы, ғимараттардың абаттандырылуы, жұмысшылардың тәртібі қанағаттанарлық. Жиын соңында құрылымдық мекеме басшылары өздері желіге шығып, кемшіліктерді, нормативтік талаптардың орындалуын жете қадағалауы тиістігі айтылды. Аталған жайттар саралана келе, бөлімше басшылығымен аталған кемшіліктерді түзету, көктемгі тексеріс анықтаған олқылықтарды қалпына келтіру жөнінде шешім қабылданды.  

 

Қауіпсіздік
24.08.2026
Қауіпсіздікке талап қашан да жоғары
Әлеумет
24.08.2026
Жамбылда 235 бүлдіршінге мектеп құралдары берілді
Жаңалықтар
24.08.2026
ҚТЖ Trip Optimizer және Kinetix-ті қолдануды кеңейтеді
Трансформация
24.08.2026
Олжас Бектенов көлік саласының трансформациясын тексерді
Жаңалықтар
24.08.2026
Қазақстан теміржол транзитін рәсімдеуді алты есе жылдамдатты
Жүк тасымалы
24.08.2026
Биыл ҚТЖ желісімен 184,4 млн тонна жүк тасымалданды
Жаңалықтар
24.08.2026
Қараусыз қалған мал жүк пойызының шұғыл тежелуіне себеп болды
Аймақтар
24.08.2026
Павлодарлық теміржолшылар жас спортшыларға қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Аймақтар
23.08.2026
Ақтөбе вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
23.08.2026
Қостанай облысында Тобыл вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
21.08.2026
Арыс станциясында болашақ жүргізушілерге машинист көзімен темір жол көрсетілді
Жолаушылар тасымалы
21.08.2026
ҚТЖ «Нұрлы жол – Арқалық» пойызының қатынау мерзімін жыл соңына дейін ұзартты
Трансформация
21.08.2026
Машинажасау саласы қалай дамуда?
Инфрақұрылым
21.08.2026
Жетіген – Құрөзек: екі учаске жаңғыртылды
Аймақтар
21.08.2026
Шу теміржолшылары мен полиция бірлескен рейд өткізді
Аймақтар
21.08.2026
Атырауда «Қауіпсіз өткел» акциясы аясында 8 өткелде рейд өтті
Аймақтар
21.08.2026
Үздік вагон депосы – Маңғыстауда
Аймақтар
21.08.2026
Шалқар жол дистанциясы аумағында жыл басынан бері 5 мал басу оқиғасы тіркелді
Әлеумет
21.08.2026
Білім күніне базарлық
Әлеумет
21.08.2026
Есте қалатын ерекше күн