Ұлы Абайдың ізімен...

Аймақтар
25.07.2025, 09:00
Суретті түсірген автор
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Еліміз бойынша ерекше маңызы бар оқиға – Абайдың 180 жылдық мерейтойы жақындап келеді. Семей теміржолында хакімнің рухани мұрасын насихаттауда ілкімді іс-шаралар ұйымдастырылуда.

Жуырда «ҚТЖ» ҰК» АҚ «Көпсалалы қызмет көрсету орталығы» филиалы кәсіподағы мен Мемлекеттік тілді дамыту секторының ұйытқы болуымен Семей ЖТ бөлімшесінде Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай «Ұлы Абайдың ізімен» атты тақырыпта танымдық-тағылымдық мәдени іс-шара өтті.  

Алқалы жиынға салалық кәсіподақ ұйымының төрағалары мен кәсіподақ белсенділері және ұлы ақын мұрасына қызығушылық танытқан желі бойындағы барлық мекемелер теміржолшылары қатысты. Көпшілік алдында әуелгі кезекте Астанадан келген мейман – орталықтың кәсіподақ төрайымы Күләш Даньярова сөз алды. Ол қазақтың бас ақыны қалдырған рухани мұра тағылымы жайлы сөз өрбітіп, ұлы Абай өсиеті мен қазіргі кәсіподақ қызметін ұштастырып өтті. 

 

– Биыл Абайдың 180 жылдығы мен Кәсіподақ қызметінің 120 жылдық мерейтойы қатар келіп отыр. Абай өз нақыл сөздерінде еңбекті қадірлеуді, білім мен адалдықты ту еткені белгілі. Бұл – бүгінгі кәсіподақ ұйымдарының да, теміржолшылар қауымының да басты ұстанымы. Бірлікке, көптің игілігі үшін қарекет етуге үндейтін Абай тағылымы қазіргі күні де маңызды, – деп атап өтті Күләш Қабдрашитқызы.  

Ал кезегінде пікір білдірген Мемлекеттік тілді дамыту секторының бастығы Ербол Тоқтағазы ұлттық компания көлемінде өткізіліп жатқан рухани тағылымдық шаралар қатарына тоқталды.  

– Абай – қазақ дүниетанымының кемеңгері. Ұлттық сананың оянуына зор ықпал еткен тұлға. Хакім өсиеті мемлекетшіл ұрпақ қалыптасуына да елеулі әсер етеді, – деді Ербол Әуелбекұлы.  

Жиын барысында сонымен қатар еңбегімен еленген бірқатар бөлімдер басшылары мен озат теміржолшылар салалық кәсіподақ қызметінің 120 жылдық мерейтойына орай «Қазкөліккәсіп» ҚБ төрағасы Оразғали Ахметбаевтың Құрмет грамотасымен және мерекелік төсбелгімен марапатталды. Қадірлі меймандарға да қазақы дәстүрмен Абай елі атынан сый-кәде тарту етілді.  

Осыдан соң кезек қазақша куиз тәртібімен өткізілген «Абай тағылымы» атты викториналық сұрақтарға берілді. QR-код арқылы тіркелген барша қатысушылар арнайы экраннан көрсетілген Абай әлеміне қатысты сұрақтарға жауап берді. 

 

Басты ереже – берілген сауалдарға дәл әрі мейлінше жылдам жауап беруі тиіс. Негізінен Абай шығармашылығы мен «Абай жолы» роман-эпопеясы және хакім өмірі жайлы зерттеу еңбектері мен тарихи мақалалар бойынша сан түрлі танымдық әрі қызықты сұрақтар қойылды. Сайыс қорытындысында салалық басылымның Абай облысы бойынша меншікті тілшісі барлық сауалдар бойынша көш басынан табылып, Астанадан жеткен бағалы сыйлықпен марапатталды. Белсенділік танытқан өзге теміржолшыларға да естелік сыйлықтар тарту етілді.  

Ал келесі күні астаналық қонақтар Жидебай жеріндегі ұлы ақынның соңғы тұрағы болған мұражайға жол тартты.  

 

Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда
ҚТЖ келбеті
08.09.2026
Аягөз – машинистер ұстаханасы