Сенат депутатымен кездесу өтті

Аймақтар
01.08.2025, 09:52
Суреттерді түсірген автор
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Атырауда ҚР Сенатының депутаты, экономикалық саясат, инвестициялық даму және кәсіпкерлік комитетінің мүшесі Сағындық Лұқпанов өңір теміржолшыларымен кездесті.

Осы өңірден сайланып, өлке теміржолы саласында еңбек еткен депутат өзінің ұшқан ұясымен қауышқанына өте қуанышты екенін жеткізді. Атырау жүк тасымалы бөлімшесінің директоры Аслан Базарғалиев қонақтың өмірбаянымен қысқаша таныстырып өтті. Сағындық Есенғалиұлы Атырауда туған, осында теміржол техникумын бітіріп, еңбек жолын бастаған. Қарапайым жұмысшыдан Атырау магистральдық желі бөлімшесі басшысына дейін көтерілген. Аймақ теміржолының дамуына өзіндік үлесін қосып, қолтаңбасын қалдырған ол облыс әкімінің орынбасары лауазымын да атқарған. Бүгінде Сенат депутаты.  

– Тұрғындармен кездесу – халықты қандай мәселелер толғандыратынын жақсы білуге мүмкіндік береді және жедел әрекет етуді талап етеді. Заң шығарушы орган өкілдері халықпен тығыз байланыста болса, ел үшін тиімді шешімдер қабылданады. Түсіндіре кетейін, ҚР Парламенті екі палатадан тұрады. Төменгі палата – ол Мәжіліс, оның құзыреті – заң дайындап, қабылдау. Жоғарғы палата – Сенат, қабылданған заңды мақұлдау не түзетуге жіберу. Сенатта әр облыс- тан екі депутаттан – 40 депутат, 5 депутат ҚР Халық ассамблеясынан, барлығы 45 депутат. Биылғы жылы Сенат 80 заңды қарады, оның ішінде 14-і түзетулермен кері қайтарылды. Енді темір жолға келетін болсақ, ол нарықта негізінен тасымал арқылы табыс табатынын білесіздер. Оның ішінде транзиттік тасымал, жүк және жолаушы тасымалы да бар. Соңғы жылдарда теміржол тарифтері қайта қаралып, балансты ашық көру үшін бұрынғы дифференцияланған тарифтің орнына өзін-өзі ақтайтын көрсеткіш талабы қойылды. Соның ішінде субсидияланған жолаушылар тасымалы алынып тасталған, енді соны қайта қарау қарастырылуда. Жалпы теміржол саласында жетістіктер аз емес, бірақ шешімін күткен мәселелер де жеткілікті. Олардың бәрі алдағы уақытта оң бағытқа өзгереді деп сенеміз, – деді депутат.

Елдегі экономика туралы айта келіп, ол үш облыс – Астана, Алматы және Атырау облыстарының бюджеті өз-өзін ақтап отырғандығын атап өтті, яғни жергілікті салық мөлшері облысты қамтып отыр. Ол сондай-ақ өңірде мұнай мен газ өндірісінің дамуы экономиканың өсіміне ықпал етіп отырғандығын жеткізді. Яғни қазір тек өндіруші ғана емес, мұнай мен газды өңдеуші елге айналып келеміз. Мұнайдан қазір полипропилен, каучук, күкірт, т.б. өнімдер жасалып жатыр. Олар – болашақ үшін маңызды жобалар.  

айтуынша, темір жолдың қазіргі дамуы елдің экономикалық талаптарына сай, соған жауап берерліктей болуы керек.  

«Бізде қазір теміржол әлеуеті дамып келеді, Қытаймен, Еуропамен байланыс жақсарды, сондықтан темір жол арқылы табыс табу мүмкіндігі артты. Көліктік-логистикалық хабтар құрылып жатыр, ол да экономикаға үлкен серпін береді. Екінші мәселе, адами капиталды дамытуымыз керек, теміржолшы деген мәртебелі атаққа әр жұмысшы лайық болуы тиіс. Яғни Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған «Адал азамат» тұжырымдамасын берік ұстануымыз керек. Біз қазір білім және ғылым заманында, инновациялық технологиялар мен тың жаңалықтар дәуірінде өмір сүріп жатырмыз. Осы кезеңде елімізде өзін-өзі дамытуға, жаңа дағдыларды меңгеруге, қабілетті шыңдауға, білім көкжиегін кеңейтуге барлық жағдай жасалған. Мұндай мүмкіндікті құр жібермеу керек», – деді ол.  

Кездесу соңында халық қалаулысы аймақ теміржолының даму үдерісімен танысып, теміржолшылардың сұрақтарына жауап берді.  

 

Әлемде
14.09.2026
Ресей теміржолдарында пойыздардың рельстен шығуы мен соқтығысуы 13%-ға артты
Әлемде
14.09.2026
Alstom Канадаға 313 жолаушылар вагонын жеткізеді
Жаңалықтар
14.09.2026
Қызметтік иттердің көмегімен теміржолда 74 есірткі дерегі анықталды
Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады