Мамандық таңдау – маңызды қадам

Аймақтар
01.08.2025, 10:16
Суретті түсірген автор
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Шалғай ауылдағы теміржолшы жастар мамандығын мақтан етеді. Оларға туып-өскен жерде таңдаулы кәсібін игеру тұрақтылық кепілдігі мен даму мүмкіндігін береді. Салада абыройлы еңбек етіп, түрлі жобаларға қатысып жүрген жастардың бірін әңгімеге тарттық.

Мейіржан Лекеров – Шалқар белгі беру және байланыс дистанциясының электромеханигі. 34 жастағы жас маман ірі апаттық жағдайдың алдын алып, көзге түсіп үлгерді. Ол дәл жаңа жылда, өткен 31 желтоқсаннан 1 қаңтарға қараған түні вагонның аса күрделі ақауын анықтап, бәрін таң қалдырды. Өйткені вагон қараушы емес, электромеханиктің мұндай ақауды көре қалуы шынымен таңданарлық жағдай еді.  

«Жұмыс 8 сағат болғанымен, қауіпсіздікке жауапты болған соң 24 сағат байланыста боламыз. Сол түні станциядан өтіп бара жатқан жүк пойызынан ақау тауып, вагон астындағы сынық дер кезінде жойылды. Бұл менің жауапкершілігім және қауіпсіздікті сақтау – міндетім», – деді ол.  

Мейіржан ШЧ-3 мекемесіне қарасты Бегімбет разъезінің электромеханигі. Өзі осы ауылда туып өскен. Шалқар – Тассай учаскесінде жұмыс істейді. Көлік және коммуникациялар колледжін автоматика және телемеханика мамандығы бойынша бітірген ол жұмыс істеп жүріп жоғары оқу орнын тәмамдап, диплом алды. Қауылжыр, Ұлпан станцияларында электромеханик болды. 2016 жылы пайдалануға берілген Шалқар – Бейнеу жаңа желіге аға электромеханик болып ауысып, жұмысқа барған жас мамандардың бірі. Жаңа желі жастарға шексіз мүмкіндік берді. Ауыл жастары жұмыспен қамтылды, ауылда тұрақтады. Айтуынша, мамандық таңдау – адам өміріңдегі ең маңызды қадам, ал теміржолшы болу – мәртебе.  

Мейіржан биыл еңбек өтіліне байланысты «10 жыл» белгішесін алды. Бүгінде әріптестермен бірге жаңа жоба дайындау үстіде. Құрылғылардағы схемаға өзгеріс енгізу туралы ұсыныс жобасы жасалып, қазір оны дамыту үстінде.  

Күнделікті жұмысы орталықтандырылған байланыс аппараттарын бақылаумен байланысты. Олардың тұрақты, тоқтаусыз жұмыс істеуін қадағалайды. Соның ішінде бағдаршамдар, бағыттама бұрмалардың ақаусыз жұмыс істеуіне жауапты.  

«Шалқар – Тассай учаскесі заманауи қондырғылармен бірінші болып жабдықталды. Барлық жүйе, жұмыс компьютерлендірілген. Қызметкерлердің дені жастар. Заманауи техника мүмкіндіктерін пайдаланып отырмыз. Жұмыс істеуге барлық мүмкіндік жасалған. Кей учаскелерде табломен отырса, бізде толықтай жұмыс компьютерлендірілген. Құрылғылардың барлығы жаңа, шағын мөлшерде. Ыңғайлы», – деп мақтанды ол.  

Шалқар – Тассай аумағында қазір үш аға электромеханик, 9 электромеханик және 18 электромонтер жұмыс істеп жүр. Олардың бәрі орталықтандырылған байланыс желісінің тоқтаусыз жұмыс істеуіне жауапты.  

 

Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты