Ерен еңбек еленген күн

Аймақтар
01.08.2025, 18:28
Суретті түсірген автор
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Тамыз айын қазақстандық теміржолшылар асыға күтеді. Биыл да жаздың соңғы айының алғашқы күні-ақ Көлік қызметкерлерінің кәсіби мерекесі аталып өтті. Құттықтауды ел Президенті бастады. Салтанатты шара өңірлерде жалғасын тапты.  

Бүгін Ақтөбедегі темір жол басқармасында әр станцияда қызмет етіп жүрген теміржолшылар бас қосты. Құттықтау сөз алған Ақтөбе ЖТ бөлімінің директоры Бөріхан Беркімбаев биыл қол жеткізген оң көрсеткіштерді тілге тиек етті.  

“Дәстүр бойынша өз кәсіби мерекемізге жақсы көрсеткішпен келдік. Біріншіден, ақша құрайтын, жүк айналымы  алты айда 103 пайызға орындалды. Жүк тиеу көрсеткіші 102 пайыз болды.  Алты айдағы кіріс 73 млрд теңгеге жетті. Бұл - сіздердің ерен еңбектеріңіздің жемісі. 2025 жылға қойылған мақсаттар - “Қандыағаш-Никельтау”, “Никельтау-Әйтеке би” аралығында разъезд салу жұмыстары басталып кетті. Бұл аралықтарда барлығы 7 разъезд болады. Бұл жұмыстар жыл аяғына дейін аяқталады. Соған сай жаңа жұмыс орындар ашу мүмкіндігі бар. Статистиканы сөзбен айту жеңіл, оның артында өздеріңіздің маңдай тер, адал еңбек, мүлтүксіз жауапкершілік тұр”,- деді Бөріхан Беркімбаев.  

Сонымен қатар, Ақтөбе ЖТ бөлімінің директоры 11 вокзалда жүріп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарына тоқталды. Оның ішінде 7-уі Ақтөбе аймағында, төртеуі Орал бөлімшесінде. Бәрі де ірі вокзалдар екені, ондағы жөндеу жұмыстарының бақылауда болатынын қадап айтты. Биыл өңірде 72 шақырым темір жолға күрделі жөндеу жоспарланған. Бүгінде оның 40 шақырымы аяқталғанын хабарлады.  

Өңірдегі бөлімше басшылары магистраль майталмандарын құттықтап, ақжарма тілектерін арнады.

“Бүгін ғасырдан аса тарихы бар Қазақстан теміржолының кәсіби мерекесі. Ел экономикасының күретамырына айналған сала. Темірдей тәртібі бар кәсіби мерекеміз құтты болсын. Әр отбасыға амандық тілеймін, кәсіпте еңбектеріңіз жана берсін”,- деді Ақтөбе магистральдық желі бөлімшесі директорының орынбасары Темірғали Көштаев.

Мерекеде екі теміржолшының омырауына “Құрметті теміржолшы” төсбелгісі тағылды. Оның бірі - Ақтөбе станциясының пойыз құрастырушысы Ғалымжан Ақмырзаев. Ол еңбек жолын 2004 жылы пойыз құрастырушысы болып бастады. Осы қызметті атқарып жүргеніне биыл 21 жыл. Арал ауданы Сексеуіл станциясының тумасы. Әкесі 47 жыл машинист болған. Отбасында әке жолын қуған жалғыз теміржолшы.  

“Ақтөбе -2 станциясында жұмыс істеймін. Жүк пойыздарын құраймыз. Теміржол саласындағы ең ауыр да, қиын жұмыстардың бірі. Қателікті кешірмейді. Жауапкершілігіміз жұмысқа демалып, алаңсыз барудан басталады. 12 сағат жұмыс, 12 сағат демалыс, тағы 12 сағат түңгі аусым, кейін 48 сағат демалыс, - деді пойыз құрастырушы Ғалымжан Ақмырзаев.

Бүгін омырауына “Құрметті теміржолшы” төсбелгісін тағып, мерейі өскен теміржолшылардың бірі - Бақытбек Ешманов. Ол Шалқар электрмен жабдықтау дистанциясының бас инженері. 2002 жылдан бері осы қызметте. Осыған дейін Қазалы станциясында қарапайым жұмысшыдан бастап бас инженерге дейін көтерілген.  

“Біздің басты міндет - қауіпсіздік, жылжымалы құрам жұмысын тоқтатпау. Жұмысшылардың аман-есен отбасына оралуын басты назарға аламыз. Электр қуатын береміз, желіде ақау болмауын қадағалаймыз. Біз үшін теміржол саласы өмір. Басқа мамандық жоқ секілді. Әкем теміржолшы, өмір бойы машинист болған, сегіз ағайындамыз, бәрі де теміржолшы”,- деді Бақытбек Ешманов.

Биыл да жүздеген қызметкер кәсіби мереке қарсаңында түрлі марапатқа ие болды. Мыңдаған қызметкердің ішінен сындарлы сәтте оңтайлы шешімдер тауып, оны тиімді жүзеге асыра білген саңлақтар марапатталды.

Сонымен қатар, биыл Ақтөбе магистральдық желі бөлімшесі, “Жолаушылар тасымалы” АҚ-Батыс аймақтық бөлімі, Ақтөбедегі әскерилендірген  күзет мекемесі, Бершүгір жол дистанциясы, Ақтөбе өрт сөндіру пойызы мекемесінің ұжымдары үздіктер қатарында.

 

Аймақтар
21.08.2026
Арыс станциясында болашақ жүргізушілерге машинист көзімен темір жол көрсетілді
Жолаушылар тасымалы
21.08.2026
ҚТЖ «Нұрлы жол – Арқалық» пойызының қатынау мерзімін жыл соңына дейін ұзартты
Трансформация
21.08.2026
Машинажасау саласы қалай дамуда?
Инфрақұрылым
21.08.2026
Жетіген – Құрөзек: екі учаске жаңғыртылды
Аймақтар
21.08.2026
Шу теміржолшылары мен полиция бірлескен рейд өткізді
Аймақтар
21.08.2026
Атырауда «Қауіпсіз өткел» акциясы аясында 8 өткелде рейд өтті
Аймақтар
21.08.2026
Үздік вагон депосы – Маңғыстауда
Аймақтар
21.08.2026
Шалқар жол дистанциясы аумағында жыл басынан бері 5 мал басу оқиғасы тіркелді
Әлеумет
21.08.2026
Білім күніне базарлық
Әлеумет
21.08.2026
Есте қалатын ерекше күн
Жаңалықтар
21.08.2026
Донорлар қатары артуда
Жаңалықтар / Мұрағат
21.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №66 21 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ станцияларды басқарудың жаңа цифрлық платформасын енгізуде
Трансформация
20.08.2026
Қазақстанда локомотив пен вагон өндірісі еселеп өсті
Инфрақұрылым
20.08.2026
Ақшолақ – Үшбұлақ аралығында ауыр жол техникасын қолдана отырып, темір жолы сауықтырылуда
Жаңалықтар
20.08.2026
Қазақстан Орталық Азияның теміржол желісін жаңғыртуға негізгі үлесті қосуда
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ ALT University-мен ынтымақтастықты дамытуда
Әлемде
20.08.2026
Қытай 2026 жылдың алғашқы жеті айында жолаушылар ағыны бойынша жаңа рекорд орнатты
Жаңалықтар
20.08.2026
Жыл басынан бері пойыздардың 44 әйнегі сынған
Әлемде
20.08.2026
Қырғызстан неліктен «Қытай - Қырғызстан - Өзбекстан» теміржол жобасының ұзын әрі қымбат бағытын таңдады?