Марапат мерей өсірер...

Аймақтар
05.08.2025, 10:18
Оқуға 3 мин
Суретті түсірген автор
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Атырауда ел экономикасының локомотиві саналатын теміржолшылар күні салтанатты түрде аталып өтті. Оған өлке теміржолында қызмет етіп жатқан жұмысшылар мен сала ардагерлері қатысты.

Жиынды Атырау жүк тасымалы бөлімшесінің бастығы Аслан Базарғалиев пен магистральдық желі бөлімшесінің директоры Аралбай Қосымбаев құттықтау сөзбен ашып, жетістіктерге тоқталып өтті. Жарты жылдың қорытындысы бойынша аймақта 16 пайдалану көрсеткішінің 15-і жүз пайыздан асыра орындалған. Биыл өңірде 66,7 шақырым жолды күрделі жөндеу керек болса, қазіргі уақытта соның 42,1 шақырымы жасалған. Қозғалыс қауіпсіздігін сақтау бойынша да көрсеткіш жаман емес, тек 1 оқиға болған. Жұмысшылар қысқы-жазғы киіммен 100 пайыз қамтылып отыр. Басшылардың айтуынша, соңғы жылдары жұмысшылардың жалақысы 80 пайызға өскен. 10, 20, 30 жыл еңбек еткендерге сыйақы да тұрақты беріліп отыр. Өз кезегінде құттықтау сөз алған аймақтық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қабиболла Айтимов та бүгінде теміржолшылардың жағдайы жақсара түскеніне аға буынның тек қуанатынын жеткізді.  

Әрине төл мереке марапаттау рәсімінсіз өте ме?! Алдымен Атырау облысы әкімі С.Шәпкеновтің Алғыс хатымен Қарабатан станциясы тасымал құжаттарын өңдеу операторы Айсұлу Жұмағалиева, Теңдік станциясының жүк кассирі Нұргүл Ораққызы бастаған бір топ еңбеккерлер марапатталды. Ал Атырау жол дистанциясының жол жөндеушісі Мұғамилин Жалғас Сабырғалиұлының ата-анасына «ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Талғат Алдыбергеновтің Алғыс хаты табыс етілді. Жалғас – жай теміржолшы ғана емес, теміржолшылар арасындағы марафондарда үнемі жүлделі орындар алып жүрген мықты спортшы, сонымен қатар өзі тұратын Нарын станциясында қарттарға, мүмкіндігі шектеулі жандарға және зейнеткер-теміржолшыларға ерікті түрде әрқашан қолғабысын тигізіп, қолдау білдіріп жүрген жас. Сондықтан да Компания басшысы осындай кең жүректі, қайырымды ұл өсіргені үшін оның ата-анасына Алғыс хат жолдапты. Аймақ теміржолының басшылары оны әкесі Сабырғали ағаға табыстады.  

Әлбетте, теміржол саласындағы ең жоғары награда ол – «Құрметті теміржолшы» төсбелгісі. Осындай құрметті атаққа өңірде биыл төрт адам ие болды. Олар: Құлсары жол дистанциясының жол шебері Жаңбырбай Сатов, Мақат станциясының кезекшісі Зейнолла Аққалжанов, Құлсары жол дистанциясының инженер-метрологы Клара Суриева, Ақжайық белгі беру және байланыс дистанциясы бастығының байланыс жөніндегі орынбасары Жақсыбай Айтжанов. Сонымен қатар Астананың төрінде, Көлік министрлігінде марапат алған өлке теміржолшылары қатарында 3-ші дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденімен Атырау электрмен жабдықтау дистанциясының Аққыстау аудандық электр торабының бастығы Даурат Мырзашев пен Махамбет станциясының аға тасымал құжаттарын өңдеу операторы Айжан Қадырова бар. Сондай-ақ Атырау жол дистанциясының жол монтері Хруш Лутов «Үздік жол жөндеуші», Атырау вагон пайдалану депосының Мақат станциясында вагондарды тексеруші-жөндеушісі Оңдасын Исалиев «Үздік вагоншы», Мақат локомотив пайдалану депосының тепловоз машинисі Алмат Ахмедов «Үздік машинист», осы депоның локомотив қабылдаушысы Жалғас Байдалиев «Адал еңбегі үшін», Атырау локомотив пайдалану депосының машинист-нұсқаушысы Еркінбек Адиев «Кәсібі бойынша үздік» төсбелгілерімен марапатталса, Ақжайық белгі беру және байланыс дистанциясының аға электр механигі Мұратбек Исабаев «ҚТЖ» ҰК» АҚ «Үздік мамандар» Құрмет тақтасына ілінді. Тағы жетпістен аса теміржолшы «ҚТЖ» ҰК» АҚ басқарма төрағасының, «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС директорының, Атырау жүк тасымалы және Магистральдық желі бөлімшелері басшыларының Құрмет грамотасы және Алғыс хатымен марапатталды. Жиын сала өнерпаздарының орындауында концертке ұласты.  

 

Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды
Жаңалықтар / Мұрағат
06.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №79 06 қазан 2026 жыл
Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті