Абырой биігінде

Аймақтар
05.08.2025, 10:23
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген автор
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Маңғыстау жүк тасымалы бөлімшесінің ғимаратында күні бойы күмбірлеген күй мен әуенді ән сазы естіліп, мерекелік леп сезіліп тұрды. Бұл жолы тек теміржолшы өнерпаздар ғана емес, теміржолшылар құрметіне жергілікті әншілер де өнер көрсетті. Құттықтай келген мәдениет саласының өкілдері ән мен жырдан шашу шашты.

Теміржол көлігі қызметкерлері күніне арналған салтанатты жиынға алыс-жақын станциялардан келген және жергілікті теміржолшылар мен сала ардагерлері көп жиналды. Маңғыстау жүк тасымалы бөлімшесінің директоры Нәжімеден Ғұбашов пен Маңғыстау магистральдық желі бөлімшесінің директоры Ерназар Ізтұрғанов көпшілікті құттықтап, әріптестерінің еңбегіне алғыстарын білдірді.  

Биылғы мерекеге орай түбек теміржолында марапат жауды десек болғандай. Жүзден аса теміржолшы түрлі деңгейдегі марапатқа ие болып, мерейлері тасыды.  

Салада қырық жылдан астам еңбек етіп, соның 38 жылын Маңғыстау жол дистанциясының өркендеуіне жұмсаған Жолдас Жетібайға «Құрметті теміржолшы» белгісі табысталды. Қарапайым жол монтері болып еңбекке араласқан ол жол шебері, аға жол шебері, телім басшысы, жетекші инженер, көпір шебері болып, тәжірибесі өсе келе дистанция директорының орынбасары деңгейіне дейін көтерілген. 2014 жылдан бері Маңғыстау жол дистанциясы бастығының орынбасары. Жиналғандар жолшы еңбегінің лайықты бағасын алғанына тік тұрып қошеметтеп құрмет көрсетті.  

Сонымен қатар Маңғыстау станциясының пойыз құрастырушысы Құсайын Өтеулиев те Құрметті теміржолшы атанды. Түбек теміржолшылары арасынан Астанадан марапат алып келгендер де бір шоғыр болды. Маңғыстау локомотив депосының машинисі Асылбек Наурызбаев Президенттің қолынан «Құрмет» орденін алса, өткел кезекшісі Мақтымқұл Бектілеуовті Көлік министрі «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапаттады.  

А.Наурызбаев – екінші класты тепловоз машинисі. Еңбек жолын 1990 жылы қарапайым слесарь болып бастаған ол түбектік теміржолшыларға «танкист машинист» деп танылған. Әскери борышын Ауғанстанда өтеген жас жігіт кезінде танк батальонында қызмет етіпті. Депода слесарь болып екі ай жұмыс істегеннен кейін депо басшылығы машинист көмекшісі курсына жіберіп, алдымен көмекші, сосын машинист болып күні бүгінге дейін еңбектеніп келеді. «Танкіні тепловозға ауыстырдым» деп қалжыңдайды. Республика Президентінің Жарлығымен «Құрмет» орденін қырық жылға жуық түбек теміржолының мемлекеттік емес өртке қарсы қызметінде тер төгіп келе жатқан Қайырхан Таласов алды. Ардагер Амандық Алдаберген ІІІ дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденімен марапатталды.  

Сонымен қатар бір топ теміржолшы «Кәсіби бойынша үздік» атанып, «Адал еңбегі үшін» медалін тақты. «Үздік жас маман» төсбелгісіне ие болды. ҚТЖ компаниясы басшылығы атынан Құрмет грамотасы мен Алғыс хат алды.  

 

Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды
Жаңалықтар / Мұрағат
06.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №79 06 қазан 2026 жыл
Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті