Мерекеге лайық жетістік: Қызылорда станциясы үздік нәтиже көрсетті

Аймақтар
07.08.2025, 11:38
Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Қызылорда станциясының ұжымы биылғы төл мерекелерін табыспен қарсы алды. Негізгі өндірістік көрсеткіштер толық және жүз пайыздан асыра орындалған.

Есептік кезеңде маневрлік және негізгі пойыз қозғалысында қозғалыс қауіпсіздігін бұзуға қатысты ешқандай оқиға орын алмаған. вагондардың бүлінуі немесе техникалық зақымдануы тіркелмеген. Қозғалыс қауіпсіздігін сақтауды арттыру көрсеткіштері кемшіліксіз орындалуда. Станция аумағында жүк және жолаушы пойыздарының қозғалысын тұрақты бақылауда ұстайтын олардың пойыздарды қабылдау және жөнелтуі үнемі бекітілген технологиялық регламентке сай жүргізіледі.

Станцияда пойыздар қозғалысын реттейтін құрылғылардың электрмен қамтамасыз етілуі, автоматтандырылған жүйелер – сигнал беру мен байланыс құрылғылары да, вагондардың сапарға дайындау қызметі де мінсіз жұмыс істеуде. Биыл бұл жүйелерде бірде-бір ақау орын алған жоқ.

«Осынау өндірістік жұмыс көрсеткіштерінің орындалуында әрбір теміржолшының маңдай тер, табан ақысы жатыр. Олардың әрқайсысының күнделікті қызметі көрсеткіштің еселенуіне қосылған үлес» деген станция бастығы Қайрат Жанкелдіұлы бірқатар теміржолшылардың есімін ерекше атап өткен еді. Олар станциядағы қозғалысқа жауапты маневр диспетчері Ғалым Әбіш пен станция кезекшісі Қуаныш Бегалиев, кезекші жанындағы оператор Күлайша Жүгінісова, пойыз құрастырушы Ерлан Жақып, тауар кассирі Жарқынай Тастыбаева, аға жүк қабылдап-тапсырушы Мәдина Тұяқбаева, жүк қабылдап-тапсырушы Мира Филипова, тасымал құжаттарын өңдеуші Айнагүл Лайс пен техконтор операторы Мейрамгүл Ерімбетова сынды нағыз өз ісінің кәсіби мамандары.  Қызылорда станциясының жетістігін еселей түсуге лайықты үлес қосып отырған майталмандар.    

Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл
Әлеумет
17.09.2026
Достық станциясында теміржолшыларға арналған жатақхана жаңартылды