«Самұрық-Қазына» ерекше сыйлық жасады

Аймақтар
08.08.2025, 09:57
Суреттерді түсірген автор
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Абай тойы өтіп жатқан Семей қаласында көру қабілеті нашар азаматтарға арналған ерекше кітапхана ғимаратының ашылу салтанаты болды. Жаңа нысанның ашылу рәсіміне «Самұрық-Қазына» АҚ басқарушы директоры Ғибрат Ауғанов және облыс әкімі Берік Уәли мен қала жұртшылығы қатысты.

Айта кетер жайт, жылына 15 мыңнан аса адамды қабылдайтын осынау бірегей инклюзивті кітапхана «Самұрық-Қазына» қорының Абайдың 180 жылдығына орай облыстың тұрғындарына жасаған тартуы болып отыр. Жоба Samruk-Kazyna Trust корпоративтік қайырымдылық қорының қолдауымен 410 миллион теңгеге қаржыландырылды. Сондай-ақ осы мәдени-әлеуметтік мекеме еліміздегі ең ірі және заманауи инклюзивті кеңістік саналады.  

Қос қабатты ғимараттың жалпы ауданы – 852 шаршы метр. Жаңа кітапхана зағип және нашар көретін жандардың жүріп-тұруына толыққанды түрде бейімделген. Тифлотехнология кабинеті, дыбыстық әдебиеттер қоры, коворкинг пен оқу залдары, библиографиялық ақпараттар бөлімі, брайль жүйесімен оқу-жазу бөлмесі, әдебиеттерді өңдеу және толықтыру бөлімі бар. Ерекше азаматтардың кедергісіз еркін кіріп-шығуы үшін арнайы тұтқалармен жабдықталған және білім алуына барлық жағдай жасалған. Кітапхана заманауи стандарттарға сай жабдықталған. Мұнда сонымен қатар Брайль қарпіндегі көптеген жаңа әдебиеттер, дыбыстық кітаптар, арнайы техникалық құрылғылар мен сандық ресурстар да қолжетімді. Кітапханада жалпы саны 41 000- нан астам кітап қоры бар.  

Соңғы бес жылда «Самұрық-Қазына» қоры бір ғана Абай облысында білім, спорт және әлеуметтік осал топтарды қолдау бағытында жалпы құны 2,5 млрд теңгені құрайтын 14 жоба жүзеге асырылыпты. Ол туралы «Самұрық-Қазына» АҚ басқарушы директоры көпшілік алдындағы құттықтау сөзінде тоқталып өтті.  

– Қазіргі таңда облыс әкімдігімен бірлесіп Семейдің Ұшақтар шағын ауданында спорт сарайын салу жоспарлануда. Мұнда 4 мыңға жуық адам спортпен шұғылдана алады. Бұл – қор тобының аймақтық инфрақұрылымды дамыту және әлеуметтік қолдауды кеңейтуге бағытталған бастамаларының бірі, – деді Ғибрат Ауғанов.  

Қазіргі таңда жаңа кітапхана аумағы абаттандырылуда. Шыршалар отырғызылып, кіреберіс жолдарға асфальт төселді.  

Бұл кітапхана, сөз жоқ, зағип азаматтардың білімге құлшынысы мен ізденістерін арттырып, олардың шығармашылықпен айналысу, мәдени және рухани даму мүмкіндіктерін кеңейтетіні анық. Мұның барлығы инклюзивті қоғам құру жолындағы нақты әрі маңызды қадам екендігі анық.  

Облыс әкімі де, шараға қатысушы қала жұртшылығы да жаңа ғимаратты салып, сыйға тартқан «Самұрық-Қазына» қорына алғыстарын жеткізді.  

Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда
ҚТЖ келбеті
08.09.2026
Аягөз – машинистер ұстаханасы
Спорт
08.09.2026
Жамбылдық волейболшылар «ЦЖС кубогында» күміс жүлдегер атанды