Ең арзан пойыз – оңтүстікте

Аймақтар
25.08.2025, 11:00
Нұрлыбек Досыбай

Түркістан облысы бойынша меншікті тілші

Қазақстандағы ең арзан пойыз оңтүстікте. 6937 және 6938 нөмірмен белгіленген қала маңында қатынайтын пойыз Түркістан мен Шымкент арасын жалғайды. Бас-аяғы 188 шақырымға созылатын жолмен жүріп өту құны бар-жоғы – 573 теңге.

Түркістан облысы әкімдігінің ұсынысымен «Жолаушылар тасымалы» АҚ «Қала маңы тасымалы» филиалы жетекшілерінің тапсырмасын іске асырушы Шымкент аймақтық телімі болып табылады. Телім басшысы Бұрхан Ғалымжанның айтуынша, талапқа сай жабдықталған пойыз мейлінше жолаушылар көңілінен шығатындай деңгейде жасалған. Аптасына 5 рет жолға шығатын пойыз қазірше 1 ғана заманауи вагоннан құралған. Атап айтқанда, ауа баптағыш пен қауіпсіздік қағидалары қатаң сақталған вагон бейнебақылау камерасы мен электронды дабыл қағу жүйесімен қамтамасыз етілген. Сондай-ақ алғашқы медициналық жедел жәрдем көрсету мүмкіндіктері де назардан тыс қалмаған.

– Қазіргі кезде екінің бірінің қолында ұялы телефон жүретіндіктен оны қуаттандыру көздерінің болуы ең басты қажеттіліктің бірі екені рас. Сондықтан да біз мұны басымдыққа алдық. Одан бөлек, пойызда жолаушы таңдауына қарай ыстық шәй мен кофе беріліп, жолшыбай тамақтанып алуға да мүмкіндіктер қарастырлыған, – дейді Ғалымжан Сүлейменұлы.

Заманауи жабдықталған вагон биодәретханамен жабдықталған. Оған қоса, қажет болса мүмкіндігі шектеулі азаматтардың еркін кіріп-шығуы үшін арнайы қоларба да ұсынылады. Әзірше жергілікті халықтың қажетін толық қанағаттандырып тұр.  

Жалпы, екі аралықта сейсенбі, сәрсенбі, жұма, сенбі, жексенбі күндері қатынайтын пойыз Түркістан қаласынан 15:28-де аттанып, 20:12-де Шымкентке жетсе, таңғы 06:55-те Шымкенттен шығып, 11:18-де Түркістан вокзалына жетеді. Бас-аяғы 188 шақырымға созылатын жолды жүріп өту құны – 573 теңгені құрайды. Ал пойыз аялдайтын үлкенді-кішілі бекеттер мен разъездердің саны – 19. Әрине, ара қашықтыққа байланысты олардың билет құны да түрлі болып келеді. Мәселен, Шымкенттен Бадамға дейінгі баға 121 теңге болса, Арыс-2 станциясына дейін 241 теңге, ал Қарақоңырға 332 және Темір станциясына дейін 422 теңгемен жетіп алуға болады. Жолақы төлеуде балалар мен мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған 50 пайыздық жеңілдік қарастырылған. Билеттер bilet.railways.kz, kaspi.kz, aviata.kz, freedom Travel сайттары мен Қазпошта желілерінде қолжетімді.

Пойыз жолсеріктерінің түсіндіруінше, ата-ананың бірімен 7 жасқа дейінгі бір бала тегін жүрсе, ата-ананың екеуі де мінген жағдайда 2 бала тегін жүруге құқылы. Ал қоғамдық көлікте 15-18 жастағы балалардың өзі еркімен жүріп-тұруы қолданыстағы заңнамаға сәйкес нотариалды сенімхат талап етіледі.

Мұнда айрықша атап өтетін жаңашылдықтың бірі – жолаушылар вагонында балалар бұрышының жасақталуы. Өйткені шамамен 4,5 сағатқа созылатын сапарда балалардың жолдағы уақытты қызықты әрі есте қаларлықтай етіп өткізу үшін барынша қолайлы жағдай жасалған. Танымдық тұрғыда көркем безендірілген бұрышта түрлі ойыншықтардың қауіпсіздігі басты назарға алынған.

 

 

Әлемде
23.09.2026
Қырғызстан Wabtec компаниясынан 10 жаңа локомотив сатып алмақ
Жаңалықтар
23.09.2026
Ақмола облысында Атбасар вокзалын жөндеу аяқталды
Жаңалықтар
23.09.2026
ҚТЖ локомотив паркін қысқы тасымалдауға дайындауда
Әлемде
23.09.2026
CRRC энергия үнемдейтін SmartMetro пойызын таныстырды
Жаңалықтар
23.09.2026
Қазақстан вокзалдары жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам басты
Инфрақұрылым
22.09.2026
ҚТЖ Бейнеу бағытында автоматика жүйесін жаңғыртуда
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ 150 мың тонна болат құбырды мультимодальды бағытпен тасымалдайды
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ локомотив бригадаларының біліктілігін арттыруда
Трансформация
22.09.2026
SAP жүйесі: ҚТЖ үшін озық цифрлық шешім
Аймақтар
22.09.2026
Семейде тәулігіне кемі 350 вагон көмір тиелуде
Станция тынысы
22.09.2026
Шиелі станциясы өндірістік жоспарды межеден асыра орындады
Аймақтар
22.09.2026
Шу локомотив пайдалану депосында студенттерге «Ашық есік күні» өтті
Қауіпсіздік
22.09.2026
Астана жол дистанциясы оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Спорт
22.09.2026
«Теміржол қалқаны» – жеңімпаз
Спорт
22.09.2026
Жігіттердің осалы жоқ
Жаңалықтар / Мұрағат
22.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №75 22 қыркүйек 2026 жыл
Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты