Жалағаштықтардың жауапкершілігі жоғары

Аймақтар
05.09.2025, 09:48
Суреттерді түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Қызылорда ЖТ бөлімшесіне қарасты станциялардың бірі – Жалағаш. Кезінде жұмысы дүрілдеп, сартылдап өткен пойыздың дені аялдайтын станцияға бүгінде тек некен-саяқ құрам кідіріс жасайды. Бірақ шағын бекетте қауіпсіздік, тәртіп, технологиялық талап, теміржолшының міндеті ешқашан екінші деңгейге түскен емес.

Пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету – теміржолшылардың басты міндеті. Бұл бағыттағы жұмыстар Жалағаш станциясында да тұрақты бақылауда. 2025 жылдың шілде айы және жартыжылдық қорытындысы станция ұжымының қозғалыс қауіпсіздігіне деген жауапкершілігінің жоғары екенін айқындап отыр.  

Жыл басынан бері станцияда пойыздық және маневрлік жұмыстар ақаусыз атқарылды. Өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда да жұмыс барысында ешқандай қиындық тіркелмеген. Бұл – теміржолшылардың өз қызметіне деген мұқияттылығы мен тәртіптің жоғары деңгейде сақталуының нәтижесі. Жалағаштық теміржолшылар жыл басынан бері барлық жүк вагондарының түрлерінен жүк түсірген. Жабық, ашық, цистерна және өзге жүк вагондарын қоса алғанда 322 вагонды жүгінен босатқан. Шілде айының өзінде 82 жүк вагонынан жүк түсіріп, 16 вагонға 1005 тонна жүк тиеген.  

Сонымен қатар қосалқы жолдарда тіркелген оқиғалар да назардан тыс қалмайды. Кірме жолдардың үстіңгі құрылысының дұрыс күтіп-ұсталмауы және рельс аралығының шамадан тыс ұлғаюы жылжымалы құрам қозғалысына қауіпті. Бұл келеңсіздіктің алдын алу үшін станция еңбеккерлері жұмыс істеп, жол шаруашылығымен айналысатын жауапты мамандарға тиісті ескертулер, бақылауды күшейтуде. Вагон паркіне қатысты да оң көрсеткіш байқалды. Жыл басынан бері қосалқы жолдарда вагондардың зақымдануы тіркелмеді. Өткен жылдың сәйкес кезеңінде де вагондардың сақталуы толық қамтамасыз етілген.  

– Станцияда пойыз қозғалысын басқаруға тікелей әсер ететін техникалық құралдардың жағдайы қалыпты. Жартыжылдық жұмыстың қорытындысы бойынша сигнализация, орталықтандыру және блокировка (СОБ) құрылғыларының да, байланыс жүйелерінің де істен шығуы тіркелген жоқ. Автоблокировка да бірде-бір рет жабылмады. Бекет теміржолшыларының маңызды міндеттерінің бірі – пойыздардың кіреберіс бағдаршамдар алдында кідірмеуін қамтамасыз ету. Биыл жыл басынан бері станцияда пойыздардың бөгелуі болмаған. Өткен жылы да бұл көрсеткіш өзгеріссіз оң деңгейде сақталған, – дейді станция бастығы Айбек Қасымов.  

Ай сайынғы жоспарлы жұмыстар да уақытылы жүзеге асуда. Әр айдың алғашқы он күнінде станциялық жолдар мен бағыттамалық бұрмаларға екі мәрте комиссиялық тексерулер жүргізіледі. Бұл бақылау шаралары теміржолдың техникалық жай-күйін қадағалауға, ақаулардың алдын алуға және пойыз қозғалысы қауіпсіздігін барынша қамтамасыз етуге бағытталып отыр.  

Жалағаш станциясының ұжымы бірлігі бекем, ісіне ұқыпты, жауапкершілігі жоғары теміржолшылардан құралған. Сондықтан өз қызметін адал атқарып жүрген станция мамандарының еңбегі зор құрметке лайық. Станция кезекшілері Болат Тұрлашев пен Бақытбек Ембергенов, тауар кассирі Мөлдір Жайлыбаева, вагон жүктерін тап-тұйнақтай реттеп, жүк қабылдап-тапсырушылар Әскер Шойынбаев пен Мадина Бадырак станцияның үлгілі, озат теміржолшылары қатарынан. Олардың табандылығы мен қырағылығы арқасында қозғалыс қауіпсіздігі жоғары деңгейде сақталып келеді.  

 

Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Инновациялық идеялар жаршысы
Жаңалықтар / Мұрағат
15.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №73 15 қыркүйек 2026 жыл
Аймақтар
14.09.2026
Түрксібтің төл туындысына – 95 жыл
Жолаушылар тасымалы
14.09.2026
Пойызда үй жануарларын алып жүру кезінде жолаушы нені білуі керек?
Әлемде
14.09.2026
Ресей теміржолдарында пойыздардың рельстен шығуы мен соқтығысуы 13%-ға артты