Көкшетауда Құрметті теміржолшы Мұратбек Тілеуленовпен кездесу өтті

Аймақтар
18.09.2025, 17:03

Биылғы «Жұмысшы мамандықтары жылы» аясында Көкшетаудағы «Достар» мәдениет сарайында өңірге белгілі Құрметті теміржолшы Мұратбек Тілеуленовпен кездесу өтті. Бурабай вагон пайдалану депосында еңбек етіп, теміржолшы мамандығы ұрпағына жалғасып келе жатқан ардагер әулетінің өнегелі жолы өзгелерге үлгі етілді.

Мұратбек Мұқашұлы мектепті бітіргеннен кейін еңбек жолын 1974 жылы Қазақ темір жолы Державинка жол дистанциясында жол жөндеуші болып бастаған. 1977 жылы Есіл станциясының локомотив депосында тепловоз машинисінің көмекшісі болып жұмыс істеген. Содан кейін жылжымалы құрамды жөндеу жөніндегі слесарь, вагондарды қараушы-жөндеуші, Арқалық станциясы техникалық қызмет көрсету пунктінің бастығы болып еңбек еткен. Астана вагон пайдалану депосында директордың жөндеу жөніндегі орынбасары, бас инженер, депо бастығы болып та өз үлесін қосқан.  

Ақмола магистральдық желі бөлімшесінде вагон паркін сақтау жөніндегі бөлімнің бас маманы, техникалық пайдалану басқармасының шұғыл–басқарушы бөлімінің бастығы, Вагон шаруашылығы департаменті директорының вагон паркімен жұмыс жөніндегі орынбасары болып, ал 2011 жылдан бастап Бурабай курорты пайдалану вагон депосы директоры болып жұмыс істеді. Темір жол саласындағы адал еңбегі үшін: «ІІІ дәрежелі еңбек даңқы» орденімен, «Қазақстан темір жолына 100 жыл», «Біртұтас қазақ темір жолына 50 жыл» мерейтойлық медалімен, «Құрметті теміржолшы» белгісімен 2014 жылы марапатталған.  

Мұратбек Мұқашұлы өзінің теміржолшылар әулетіне, өмірі мен еңбек жолына тоқталып, оқырмандардың сұрақтарына жауап берді. Қазіргі уақытта балаларына, немерелеріне тәлім-тәрбие, кеңес бағдарын беріп отырған ардагер теміржолшымен кездесу өскелең ұрпақ үшін танымдық бағытта қызықты өтті. Кездесу барысында көпшілік оқырмандарға еңбек тақырыбына арналған «Еңбек – өмір мәні» атты кітап көрмесі де ұйымдастырылды. 

Қарлығайын Накешева, 

кітапхана меңгерушісі Көкшетау

 

Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?