Абай әлеміне саяхат

Аймақтар
25.09.2025, 19:18
Суретті түсірген автор
Ардақ Үсейінова

"Қазақстан теміржолшысы" газетінің Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі

Жамбыл магистральдық желі бөлімшесі қызметкерлері арасында «Абай әлеміне саяхат» атты арнайы семинар-конкурс өтті. Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толуына орай ұйымдастырылған шара ұлы ақынның шығармашылығына арналды.

Семинарда Жамбыл жол бөлімшесі ардагерлер кеңесінің төрағасы Бауыржан Найманбаев Абай тағылымы туралы сөз қозғап, хакім шығармаларындағы адал еңбектің насихаты жайлы ой-толғамдарына тоқталды. Филология ғылымдарының кандидаты, Дулати университетінің аға оқытушысы Темірбай Мұқашев ақын шығармашылығындағы әлі де терең зерттелмеген тақырыптарды тарқатып айтып берді.  

Теміржолшылар әсіресе, Тараз қалалық Абай атындағы орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесінің бөлім меңгерушісі Гүлнұр Нұрпейісованың библиографиялық таныстырылымын қызыға тыңдады. Кітапханашы «Оқитын қалам» топтамасы, «Электронды киіз үй» жобасы бойынша ақынның қандай шығармаларын тыңдауға болатынын көрсетіп, кітапхана қорында Абай және хакімнің өмірі мен еңбегін арқау еткен еңбектер сақталғанын айтып өтті.  

Оқу-семинарының соңында тыңдармандар арасында конкурс өткізіліп, қатысушылар Абайдың қара сөздері мен өлеңдерінен үзінді оқып, ақынның өмірі мен шығармашылық жолынан дайындалған сұрақтарға жауап берді.  

– Оқу семинарына мұндай форматты таңдауымыздың өзіндік мәні бар. Бұл тәсіл тыңдаушыларды іс-шараның алғашқы кезеңінде баяндамаларды зейін қойып тыңдауға ынталандырады. Себебі, екі кезеңнен тұратын байқаудың талаптары курс қатысушыларына алдын ала таратылады. Сонымен қатар, конкурсқа белсенді қатысқан тыңдаушыларымыздың арасынан жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтап, дипломдармен марапаттап, сыйлықтар тапсырамыз. Бүгінгі іс-шарада филиалдың персоналдарды басқару бөлімінің бастығы Индира Қоңқашова бастаған спикерлер төрелік етті, – дейді ұйымдастырушылардың бірі, персоналдарды басқару бөлімінің жетекші аудармашысы Ақерке Өтепбергенова.  

 

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады