Теміржолшылар кәсіподағына – 120 жыл: Жамбылда үздіктер марапатталды

Аймақтар
13.10.2025, 12:41
Ардақ Үсейінова

"Қазақстан теміржолшысы" газетінің Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі

Кәсіподақтар қозғалысының 120 жылдығына орай «Қазкөліккәсіп» ҚБ Жамбыл облыстық филиалы арнайы мерекелік жиын өткізіп, өңірдегі 18 бастауыш ұйымның белсенділерін марапатталды.

Кәсіподақ ұйымында талай жыл қызмет етіп, ұйымдастырушылық қабілетімен, табанды еңбегімен танылғандар Көлік министрінің, «Қазкөліккәсіп» ҚБ төрағасының Құрмет грамотасы, Алғыс хаттарымен марапатталды. «Теміржолшылар кәсіподағына-120 жыл» медалі тапсырылды.  

– Теміржолшылар үшін биыл да айтулы жыл. «Жұмысшы мамандықтары жылына» орай қаншама әріптестеріміздің еңбектері еленуде. Саланы дамыту жолында талай жылдан бері табан ақы, маңдай тері сіңіп келе жатқан мамандарымыз жоғары наградаларға ұсынылып, мерейлері өсуде. Адал еңбек иелерінің қорғаны болған – теміржолшылар кәсіподағына 120 жылдығына орай салалық ұйым көптеген жұмысшыларды, кәсіподақ белсенділерін марапаттап отыр. Кәсіподақтар күніне орай Жамбыл облысы әкімдігінде өткен жиында біздің бір әріптесімізге «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісі, тағы үш қызметкерге Кәсіподақтар бірлестігі төрағасының Құрмет грамотасы, Алғыс хаты тапсырылды, – деді кәсіподақ филиалы төрағасының орынбасары Еркін Өтешов.

Салтанатты іс-шара соңында кәсіподақ филиалы кеңесінің отырысы өтіп, 18 бастауыш ұйымның алдағы атқарар жұмыстарының жоспары айқындалды.

 

Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда
ҚТЖ келбеті
08.09.2026
Аягөз – машинистер ұстаханасы
Спорт
08.09.2026
Жамбылдық волейболшылар «ЦЖС кубогында» күміс жүлдегер атанды
Жаңалықтар / Мұрағат
08.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №71 08 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
08.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ басшылығының SIPG және NIZE Intelligent Technology өкілдерімен кездесуі өтті
Аймақтар
07.09.2026
Қызылорда теміржолында қозғалыс қауіпсіздігі көрсеткіштері жақсарды