Білікті бас инженерге құрмет

Аймақтар
04.11.2025, 08:30
Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Қызылорда жол дистанциясының ұжымы жылдар бойы теміржол саласында еңбек етіп, бар білімі мен тәжірибесін жас мамандарға үйретіп, оқытудан жалықпаған қадірлі әріптес – бас инженер Ақылбек Әбілдаевты құрметті зейнет демалысына шығарып салды.

Теміржолшылар отбасында туып-өскен оның қатардағы жолшы болып бастаған еңбек жолы жылдар өте биік белестер мен үлкен жауапкершілікке жетеледі. Талай сындарлы жылдардың жүгін көтере жүріп, дистанцияның бас инженері дәрежесіне дейін өсті. Ол туралы әріптестері: «Ол дистанцияның ғана емес, «жолдың бас инженері» десек те болады. Себебі ол әрбір рельс, әрбір шпалдың жағдайын көзін жұмып тұрып айтып беретін білім мен қабілетке ие. Қай телімде күрделі жөндеу, қай учаскеде ағымдық күтім қажет екенін шешетін де сол. Ол дистанцияның нағыз білім мен ақыл көзі болды», – дейді.  

Су жаңа зейнеткердің өзі де толқынысын жасырмады. «Бұл ұжым – менің екінші отбасым. Біз бірге талай қиындықты еңсердік, талай жетістікке жеттік. Темір жол менің өмірімнің мәні болды, ал сендер – сол өмірімдегі ең қымбаттымсыңдар. Бәріңе рақмет!», – деген сөзін ду қол шапалақпен қарс алған ұжымдастар Ақылбек Раушанбекұлына деген шынайы құрмет пен алғыстарын білдірді.  

– Ақылбек Әбілдаев есімі адал еңбектің, жауапкершіліктің, темірдей тәртіптің және адамдықтың символына айналған. Біз оны тек Ақыл деп атаймыз. Сол ат оған жарасатын және атына заты сай болды. Сабырлы, парасатты, кез келген күрделі жағдайдың шешімін ақылмен тауып, ұжымға жол сілтеп отыратын темірқазықтай тұлға болатын. Ақылбек Раушанбекұлын зейнетке шығарып салып, біздің ұжым құнды байлығын жоғалтқандай күй кешері анық. Шынын айтқанда, істің тетігін білетін, бағалы кадрдан ешкімнің айырылғысы келмейді. Сол себепті біз оны зейнетке шығарумен қатар, ардагерлер кеңесінің төрағалығына сайладық. Өйткені оның тәжірибесі мен ақылы әлі де бізге қажет, – деді ұжымның кәсіподақ жетекшісі Ғалия Ноғайбаева.  

 

Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті