Құрметті теміржолшы Байбол Орақовтың өмір жолы музей экспозициясына енді

Аймақтар
11.11.2025, 09:08
Суретті түсірген автор
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Атырау магистральдық желі бөлімшесі ғимаратының жоғары қабатындағы өлке темір жолынан сыр шертетін музейде соғыс ардагері, кеңес үкіметі кезінде Құрметті теміржолшы атанған Байбол Орақовқа арналған бұрыш ашылды.

Байбол Орақұлы 1900 жылы Маңғыстау түбегіндегі Форт-Шевченко қаласында дүниеге келген. Кейін алмағайып заманда көппен бірге Түркіменстанға өткен. Жастайынан мал бағып өскен ол есейе келе темір жолға қара жұмысшы болып орналасады. Түркімен жерінде темір жол салу ісі басталғанда алғашқылар қатарында қолына күрек ұстап, жол салуға кіріседі. 1938 жылы басшылық оны Мәскеуге СССР жол қатынастары министрлігінің жанындағы 6 айлық жеделдетілген қысқа мерзімді курсқа жібереді. Оны үздік бітіріп келеді.  

Ұлы Отан соғысы жылдары жартылай әскери салада ерлікке пара-пар жанқиярықпен еңбек етіп, 1944 жылы 2 қазанда 40 455 куәлік нөмірімен «Құрметті теміржолшы» белгісімен марапатталады. Сұрапыл соғыс жылдарында «Бәрі де Майдан үшін, бәрі де Жеңіс үшін» деген ұранмен, темір жол сынды стратегиялық маңызды нысанды көзінің қарашығындай қорғап келген Ашхабад темір жолының бірқатар теміржолшысы осы атаққа лайық саналған. Олардың қатарында екі түркімен және жалғыз қазақ Байбол Орақов болды. Сол жылы ол «Еңбектегі ерлігі үшін» төсбелгісін де жарқыратып кеудесіне тағады. Ал 1955 жылы «Еңбек Қызыл Ту» орденімен наградталады.  

Музейден ардагерге арналған бұрыштың ашылу салтанатына облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұрат Өтешев, Атырау магистральдық желі бөлімшесінің директоры Аралбай Қосымбаев, Б.Орақовтың ұлы Мерген Байболұлы және өлке теміржолшылары қатысты.  

«Бұрышқа Б.Орақұлының орден-медальдары, одақтық және республикалық жол басқармаларынан алған басқа да марапаттары мен куәліктері, құжаттары, соғыс кезіндегі және отбасылық суреттері, хаттары мен естеліктері қойылған. Бұл келер ұрпаққа өнеге болатын экспонат-бұрыш болары сөзсіз», – дейді музей қызметкері Базарлым Хансұлтанова.  

 

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады