Шуда тәулігіне 6 мыңнан астам вагон тексеріледі

Аймақтар
18.11.2025, 09:34
Суреттерді түсірген автор
Ардақ Үсейінова

"Қазақстан теміржолшысы" газетінің Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі

Жамбыл вагон пайдалану депосына қарасты Шу станциясындағы вагондарға техникалық қызмет көрсету пункті арқылы тәулігіне 6 мыңнан астам вагон тексеруден өтеді. Тоғыз жолдың торабындағы станция үшін бұл – қалыпты жүктеме.

Жұмыс ауқымдылығына орай тәулігіне ең кемі 5-6 вагоннан түрлі ақау анықталып, тиісінше құрамнан ағытылып жөндеуге жіберіледі немесе ағытылмай-ақ тиісті қызмет көрсетіліп, әрі қарай жөнелтіледі. Жалпы Шудағы орталықта ай сайын шамамен 205 464 вагонға, ал тәулігіне орта есеппен 6 628 вагонға техникалық қызмет көрсетіледі.  

Орталықта негізгі үш цех: ағымдағы ағытылған вагондарды жөндеу, вагондарды дайындау және автоматты бақылау пункттері жұмыс істейді. Қызмет көрсету учаскесінің жалпы аумағы 1256 шақырым болса, кепілдік қызмет көрсету учаскесінің ұзындығы – 1607 шақырым. Биыл вагондарға техникалық қызмет көрсету орталығында су құбырлары жаңартылып, су айдауыш жаңа сорғы орнатылыпты. Бұл өз кезегінде жұмыс процесіне оң әсерін тигізіп, еңбек өнімділігін арттыра түсті.  

Шу техникалық қызмет көрсету орталығының бастығы Айдын Қарамолдаевтың айтуынша, вагон қараушылардың еңбек жағдайын жақсартуға айрықша көңіл бөлінеді. Ауысыммен жұмыс істейтін теміржолшылар киініпшешініп, ас-ауқаттарын ішіп, бір ауық дамылдайтын орында бар жағдай жасалған, жылы да жайлы, былтыр қысқатолқынды пеш пен үш тоңазытқыш сатып алынған. Шу пунктінде жұмыс істейтін 240 адамның ішінде теміржол саласында үздіксіз 10, 20, 30 жыл еңбек етіп келе жатқан 100 қызметкерге бірреттік сыйақы беріліп, арнайы төске тағатын белгі тапсырылған.

– Қызметкерлердің орташа еңбек өтілі 15-20 жылды құрайды. Салада үздіксіз жұмыс істегендердің мерейі өсіп, биылдан бастап қаржылай сыйақы алып бастады. Сондай-ақ өз міндетіне жауапкершілікпен қарап, кәсіби біліктілігімен жетістікке жеткендер де аз емес. Солардың бірі Ардақ Шаңлақпаев «Құрметті теміржолшы» атанды. Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне орай Назымкүл Орымбаева Алғыс хатпен марапатталса, Нұржан Жанкиев пен Әлім Жавтуков «Үздік маман» төсбелгісіне ие болды, – дейді Айдын Бейсеханұлы.  

Вагондарға техникалық қызмет көрсетудің қыр-сыры Айдын Қарамолдаевқа етене таныс. Теміржолшыларға қажетті материалдық қолдау көрсетіліп, ынталандырып отырғанда ғана еңбек өнімділігі артып, жұмыс сапасы жақсара түсетінін жақсы түсінеді. Өйткені өзі теміржол саласындағы еңбек жолын өзі туып-өскен Шоқпар станциясында 2007 жылы вагон қараушы болып бастаған.  

– Шойын жолдың бойында, теміржолшылар әулетінде туыпөскен соң әке жолын жалғауды жөн көрдім. Ата-анам осы салада еңбек етіп зейнетке шықты. Алматы көлік және коммуникация колледжін, Алматы жол қатынастары университетін бітіріп, Шоқпарда вагон қараушы болып 9 жыл жұмыс істеп, Шудағы осы орталыққа ауыстым. Бір жылдан соң нұсқаушы, биыл қаңтардан бастап орталықты басқарамын, – деп сыр тарқатты Айдын Қарамолдаев.  

Орталықтағы үш цех тоқтаусыз жұмыс істейді. Әр пункттің көрсететін қызметі бөлек болғанымен, негізгі міндет біреу – вагондарды қайтадан сапқа қосу, қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету.  

Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті