Ресурстарды тиімді пайдалану – уақыт талабы

Аймақтар
25.11.2025, 09:15
Суретті түсірген автор
Ардақ Үсейінова

"Қазақстан теміржолшысы" газетінің Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі

Тараз қаласында «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС Жамбыл ЖТ бөлімшесіне қарасты Жамбыл локомотив пайдалану депосының базасында аймақтық екі күндік семинар өтті. Өңірдегі локомотив пайдалану деполарының инженерлері мен машинист-нұсқаушылары қатысқан семинардың тақырыбы отын-энергетикалық ресурстар, жылу техникасы бойынша ақпараттық жүйелермен жұмыс істеу болды.

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС-нің Отынэнергетикалық ресурстарды нормалау және бақылау қызметі дирекциясының бастығы Дәурен Аманбаев семинардың мақсаты мен мәнін түсіндіріп, спикерлер мен тыңдаушыларға диалог алаңын ұсынып отырған Жамбыл бөлімшесі басшылығына алғысын білдіріп өтті.  

Семинардың бірінші күнінде спикерлердің баяндамалары тыңдалды. «Wabtec» компаниясының өкілдері Талғат Досов, Сергей Лунченков қатысушыларға tripoptimizer жүйесін таныстырып, жұмыс принципіне шолу жасады. Мамандардың айтуынша, tripoptimizer –пойызды уақытқа сәйкес басқаратын жүйе, яғни жылдамдық шектеулері мен жол профилін ескере отырып, энергияны үнемдейтін саяхат жоспарын жасайды екен. Автоматты жүйе пойыз осы жоспарды ұстануы үшін локомотивтің тартылуы мен динамикалық тежегіштерін бақылауда ұстайды. Егер шарттар өзгерсе, tripoptimizer жүйесі жаңартылған сапар жоспарын түзеді.  

Семинарда локомотив депосының машинист-нұсқаушыларына tripoptimizer жүйесінің қосылуы мен жұмысы туралы бейнеролик көрсетілді. Компания өкілдері жүйе жұмысына қатысты туындаған сұрақтарға жауап берді.  

«Транстелеком» АҚ-ның өкілі Ольга Лобанова, сарапшылар Айдана Қайырғалиева Жан Ғазиздің техникалық нормалауда машинистер бағыттарының нақты сапарлары негізінде электр энергиясы мен дизель отынын тұтынуды есепке алу, бақылау және талдау бойынша бизнес-процестерді кешенді автоматтандыру және ақпараттық қолдау бағдарламасынан алынған модульдердің деректерін көрсетіп, түсіндірді. ТЭ33А №0211 сериялы тепловоздың онлайн сапарына талдау жүргізілді. Нақты және нормативтік шығыстарды салыстырды.  

Тақырып аясында көптеген проблемалар талқыланып, оны шешудің тиімді жолдары айқындалған семинарда Орал, Павлодар қаласында өткізілген семинарлардың спикерлері, батыс және солтүстік өңірлер бөлімшелерінің бас инспектор-сарапшылары баяндама жасады. Олар өткен сегіз айдағы дизель отыны және отын-энергетикалық ресурстар шығыстарын оңтайландыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау бойынша атқарылған жұмыстар туралы есеп берді.  

– Локомотив деполарының инженерлері мен машинист-нұсқаушыларына тәжірибелік оқыту семинарын ұйымдастырудың маңызы зор. Себебі отын-энергетикалық ресурстардың шығынын бақылауда, алдын ала есепті болжам жасауда нені ескеру керек екендігі бүгін жан-жақты айтылады. Мамандар ресурсты үнемдеудің тиімді тәжірибесімен бөліседі. Бастысы бұл қадам жұмыс процесін жақсартуға, озық тәжірибе және біліммен алмасуға мүмкіндік беріп отыр, – деді Жамбыл ЖТ бас инженері Дүйсенбек Сыдықов.  

ТЧЭ-31 Жамбыл локомотив пайдалану депосының бастығы Азамат Әуесбаев бұл машинистер үшін дизель отынының, электр энергиясының және жанар-жағармай материалдарының, басқа да шығын түрлерін үнемдеу және бақылаудың озық тәжірибесін ұсынатын білім алаңы екеніне тоқталып, семинар жұмысынан оң нәтиже күтетінін жеткізді. Семинардың екінші күні «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС-нің Отын-энергетикалық ресурстарды нормалау және бақылау қызметі дирекциясы жоспарлау және талдау тобының менеджері Марат Жақсыбеков локомотив пайдалану деполары бойынша пойыздардың тартылуына дизель отынын жұмсау нормаларын үнемдеу қағидатын жақсартуға қатысты өз ұсынысымен бөлісті. Мысал ретінде Қызылорда ТЧЭ-34 депосындағы шығыстардың нормалары келтірілді. Аталған дирекцияның мамандары тақырып аясында жасаған тағы бірнеше баяндамаға орай өзекті мәселелер талқыға салынып, талдау жасалды.  

 

Аймақтар
14.09.2026
Түрксібтің төл туындысына – 95 жыл
Жолаушылар тасымалы
14.09.2026
Пойызда үй жануарларын алып жүру кезінде жолаушы нені білуі керек?
Әлемде
14.09.2026
Ресей теміржолдарында пойыздардың рельстен шығуы мен соқтығысуы 13%-ға артты
Әлемде
14.09.2026
Alstom Канадаға 313 жолаушылар вагонын жеткізеді
Жаңалықтар
14.09.2026
Қызметтік иттердің көмегімен теміржолда 74 есірткі дерегі анықталды
Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді