Болашақ теміржолшылармен кездесті

Аймақтар
01.12.2025, 11:23
Ардақ Үсейінова

"Қазақстан теміржолшысы" газетінің Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС-нің Жүктермен коммерциялық жұмыс департаментінің менеджері Елена Сатыбалдина Тараз теміржол көлік және коммуникация колледжінің студенттерімен кездесті.

«Колледждің жұмыс берушілерімен өзара әрекеттесуі; тәжірибе, проблемалар, перспективалар» тақырыбында өткен кездесуде теміржол саласында 35 жыл қызмет етіп келе жатқан іскер маман болашақ еңбекқор жастардың қолында екенін айтты. Жұмысқа алғаш орналасқанда кездесетін қиындықтар туралы әңгімелеп, өзінің еңбек жолындағы тәжірибесімен бөлісті.  

Болашақ теміржолшылар үшін тәжірибелі, білікті маманның кеңесі маңызды екені сөзсіз. Студенттер салада қандай мамандықтарға сұраныс жоғары болатынын сұрады. Ақпараттық технологиялардың, автоматтандыру жүйесінің, сонымен қатар жасанды интеллекттің теміржол саласының дамуына қалай әсер ететіні туралы сауалдар қойды. Жастарды оқу бітіргеннен кейін жұмысқа орналасу мәселесі де алаңдатады екен.

Студенттердің сұрақтарына жан-жақты жауап берген Елена Сатыбалдина теміржол саласында ұрпақтар сабақтастығын сақтаудың маңызды екенін атап өтті. Аға буын өкілдерінің өнегелі еңбек жолы жас мамандар үшін үлкен тәжірибе мектебі саналатынын жеткізді. Студенттерді мамандық бойынша білім алумен шектеліп қалмай, қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысуға шақырды. Ал колледж басшыларына болашақ теміржолшылардың мамандыққа деген қызығушылығын арттырумен қатар, әлеуметтік серіктестерімен өзара іс-қимыл жоспарын жасауға кеңес берді.

 

Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті