«TemirSkills – 2025» кәсіби шеберлікті шыңдайды

Аймақтар
11.12.2025, 09:33
Ардақ Үсейінова

"Қазақстан теміржолшысы" газетінің Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі

Жамбыл облыстық білім басқармасының «Техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту орталығы» мен Тараз теміржол көлік және коммуникация колледжі бірлесіп, «TemirSkills – 2025» атты кәсіби шеберлік байқауын өткізді.  

«Жұмысшы мамандықтары жылына» орай ұйымдастырылған байқауға өңірдегі «Дәнекерлеу ісі» және «Токарлық ісі» құзыреттіліктері бойынша мамандар даярлап отырған техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының, Қырғыз Республикасы Есік кол облысы Балықшы қаласы Т. Ибраев атындағы №22 кәсіптік лицейдің 1-2 курс студенттері қатысты.

– Біздің колледж темір жол саласына керек кәсіби мамандармен қатар, дәнекерлеуші, токарь секілді жұмысшыларды даярлап, еңбек нарығындағы сұранысты өтеп келеді. Бүгінде түлектеріміздің шойын жолдың көптеген құрылымдық бөлімшелерінде, «Луговой рельс дәнекерлеу кәсіпорнында» табысты еңбек етіп келе жатқаны – сөзіміздің дәлелі. «TemirSkills – 2025» байқауында бақ сынаған басқа колледждердің студенттеріне осы екі мамандық бойынша темір жолға жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін айтып, кәсіби бағдар бердік. Жалпы жұмысшы және техникалық кәсіби мамандықтарды таңдаған жастардың өз кәсібіне деген қызығушылығын арттыру, практикалық тәжірибе алмасуына мүмкіндік туғызу мақсатында ұйымдастырылған іс-шарамыз көздеген үдеден шықты, - дейді Тараз теміржол көлік және коммуникация колледжі директорының өндірістік оқыту ісі жөніндегі орынбасары Жеңіс Тайбеков.

Жұмысшы мамандардың оң имиджін қалыптастыру, кәсіптік білім беру жүйесінде жас шеберлерді анықтауды мақсат тұтқан байқауда болашақ дәнекерлеушілер арасында №9 Меркі колледжінің студенті Сабыржан Нұрислам 1-орынды жеңіп алды.Тараз теміржол көлік және коммуникация колледжінің студенті Виктория Киселёва 2-орынды еншіледі. Құлан агротехникалық жоғары колледжінен келген Дмитрий Пивнев 3-орыннан көрінді.  

Ал «Токарлық ісі» мамандығы бойынша білім алып жатқан жастар арасында Меркі ауданынан келгендер олжалы қайтты. №9 Меркі колледжінің екі бірдей студенті Алдияр Асанбек пен Виктор Вольф бірінші және үшінші орынның жүлдесін жеңіп алса, Тараз теміржол көлік және коммуникация колледжінің студенті Дильёр Тохтаназаров 2-орынды иеленді.

«TemirSkills-2025» облыстық кәсіби шеберлік байқауының жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне дипломдар мен бағалы сыйлықтар тапсырылды.

 

Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті