Білім-біліктілік сынға түсті

Аймақтар
19.12.2025, 09:05
Суреттерді түсірген автор
Ардақ Үсейінова

"Қазақстан теміржолшысы" газетінің Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі

Жамбыл магистральдық желі бөлімшесінде үздік станция кезекшілері арасында «Менің ойыным» атты зияткерлік байқауы өтті.

Байқауға қатысушыларға сәттілік тілеген Жамбыл магистральдық желі бөлімшесі директорының операциялық қызмет бойынша орынбасары Бауыржан Устаев семинар-тренинг форматында ұйымдастырылған жарыстың негізгі мақсатына тоқталып өтті.  

– Байқау станция кезекшілерінің біліктілік деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Ал қатысушылар үшін бұл – теориялық білімдерін арттырып, тәжірибе жүзіндегі кәсіби дағдыларын нығайтуға арналған алаң. Жарысты командалық жүйеде өткізуді жөн көрдік. Себебі ортақ нәтижеге ұмтылу өндірістік еңбек жағдайында ұжымдық топтасуға ықпал етеді, – деді директордың орынбасары Бауыржан Бақытжанұлы.  

Зияткерлік ойында «Тараз-Жаңатас», «Тараз-Түлкібас», «Тараз-Шу», «Шу-Отар» телімі аралығындағы станция кезекшілері төрт командаға бөлінді. Алғашқы сұрақ-жауап кезеңінде қатысушылардың біліктілік деңгейін филиал директорының орынбасары Бауыржан Устаев, қауіпсіздікті қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Бақытжан Айтқұлов, тасымалдау шарттарын ұйымдастыру бөлімінің басшысы Болат Әбдуов, техникалық бөлімнің басшысы Арай Сейітов бағалап, жауаптарға қарай қажетінше толықтырып, бағыт беріп отырды. Туындауы мүмкін оқиғаларды мысалға келтіріп, тәжірибеде кездесетін жағдайларды талқыға салды.  

Техникалық бөлімнің басшысы Арай Сейітов байқаудың талаптары бойынша берілетін ұпай санына қарай, қойылатын сұрақтар күрделі болғанын айтады.  

«Шарт бойынша бес бағыттың ішінде ұяшықты таңдаған команда ғана жауап беруі тиіс. Бірақ біз басқалардың өз нұсқаларын айтып, жауапты толықтыруына мүмкіндік туғыздық. Нәтижесінде сауал төңірегінде пайдалы диалог өрбіді. Ашық талқылау болды. Әділ қазылар да қатысушылар жағдайды айқындай түсуі үшін бағыт көрсетіп отырды», – дейді Арай Әлібекұлы.  

Байқау нәтижесі бойынша «Тараз-Түлкібас» телімі командасы жеңіске жетті. «Тараз-Шу» екінші орынды еншілесе, ұпай сандары тең түскен «Шу-Отар», «Тараз-Жаңатас» топтары үшінші орынды өзара бөлісті. Команда жетекшілері Жәнібек Жанысбеков, Мадияр Кебекбаев, Айдос Әшкен, Жанғали Әбиев үздік ойын өрнегін көрсеткені үшін арнайы алғыс хаттармен марапатталды. Белсенді қатысушылар да марапаттан тыс қалған жоқ. Үздіктер мен жүлдегерлерге «Қазтеміржолкәсіп» ҚБ Жамбыл филиалы атынан сыйлықтар тапсырылды.  

Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті