Қолайлы жағдай жасалуда

Аймақтар
22.12.2025, 17:43
Суретті түсірген автор

«ҚТЖ» ҰК» АҚ локомотив бригадалары қызметкерлерінің еңбек және демалыс жағдайларын жақсарту жөніндегі шараларды дәйекті түрде іске асыруда. Өйткені пойыздар қозғалысының қауіпсіздігі тікелей олардың жұмысына байланысты.

Күрделі жөндеуден кейін Атырау станциясында локомотив бригадаларының демалыс үйі пайдалануға берілді. 1970 жылы салынған ғимарат толығымен жаңартылды. Нысанның жалпы ауданы 528,4 м2 құрайды. Демалыс үйі 11 бөлмеден тұрады және 23 төсек-орынға арналған. Сондай-ақ жөндеуден кейін Ағадыр станциясында локомотив бригадаларының демалыс үйі ашылды. 1980 жылы салынған нысан 59 төсек-орынға арналған және 27 жатын бөлмені қамтиды. Астана локомотив пайдалану депосында локомотив бригадалары үшін демалыс бөлмесі ашылды. Жүргізілген жұмыстар локомотив бригадаларының демалыс жағдайларын жақсартуға, жайлылық деңгейін арттыруға және теміржол көлігін сенімді және қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету үшін қолайлы жұмыс ортасын құруға бағытталған.  

Осындай теміржолшылардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсартуға бағытталған жұмыстар «Жұмысшы мамандықтары жылы» аясында Қызылорда магистральдық желі бөлімшесінде орындалды. Бөлімшенің солтүстігіндегі Сексеуіл станциясындағы қос мекемедегі жұмыс орындары, мекеме ауласы ағымдық жөндеу жұмыстарының нәтижесінде жаңа кейіпке енді.  

Мәселен, вокзалдарды қайта жаңғырту барысында алынған ескі, бірақ жарамды құрылыс материалдарын тиімді пайдалану арқылы Сексеуіл қалпына келтіру пойызы мен Сексеуіл өрт сөндіру пойызының білікті мамандары өз қолдарымен модульдік ғимараттарға ағымдық жөндеу жүргізді. Нәтижесінде теміржолшылардың санитарлық-тұрмыстық жағдайы едәуір жақсарып, қызметкерлер үшін жылы, жайлы әрі қауіпсіз жұмыс ортасы қалыптасты. Бөлімшенің бас инженері Берік Бекжанов барлық атқарылып жатқан жұмыстардың түпкі мақсаты – теміржолшылардың еңбегін бағалау, олардың қауіпсіз әрі жайлы жағдайда қызмет етуіне мүмкіндік жасап, әл-ауқатын арттыру, олардың еңбек жағдайын жақсарту екенін атап өтті.  

Сұлугүл БАКЕСОВА, Астана  

Сабырхан СЕЙІЛБЕКҰЛЫ, Сексеуіл  

 

Әлемде
23.09.2026
Қырғызстан Wabtec компаниясынан 10 жаңа локомотив сатып алмақ
Жаңалықтар
23.09.2026
Ақмола облысында Атбасар вокзалын жөндеу аяқталды
Жаңалықтар
23.09.2026
ҚТЖ локомотив паркін қысқы тасымалдауға дайындауда
Әлемде
23.09.2026
CRRC энергия үнемдейтін SmartMetro пойызын таныстырды
Инфрақұрылым
22.09.2026
ҚТЖ Бейнеу бағытында автоматика жүйесін жаңғыртуда
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ 150 мың тонна болат құбырды мультимодальды бағытпен тасымалдайды
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ локомотив бригадаларының біліктілігін арттыруда
Трансформация
22.09.2026
SAP жүйесі: ҚТЖ үшін озық цифрлық шешім
Аймақтар
22.09.2026
Семейде тәулігіне кемі 350 вагон көмір тиелуде
Станция тынысы
22.09.2026
Шиелі станциясы өндірістік жоспарды межеден асыра орындады
Аймақтар
22.09.2026
Шу локомотив пайдалану депосында студенттерге «Ашық есік күні» өтті
Қауіпсіздік
22.09.2026
Астана жол дистанциясы оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Спорт
22.09.2026
«Теміржол қалқаны» – жеңімпаз
Спорт
22.09.2026
Жігіттердің осалы жоқ
Жаңалықтар / Мұрағат
22.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №75 22 қыркүйек 2026 жыл
Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі