Тараздық студенттер теміржол тарихымен танысты

Аймақтар
09.01.2026, 08:27
Суретті түсірген автор
Ардақ Үсейінова

"Қазақстан теміржолшысы" газетінің Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі

Жамбыл магистральдық желі бөлімшесінде «Ашық есік күні» өтті. Оның шеңберінде Тараз теміржол көлік және коммуникация колледжінің студенттері Жамбыл жол бөлімшесіндегі музейді аралап, өңірдің көлік-логистикасының тарихымен танысты.

Ал мәжіліс залында өткен кездесуде сала мамандары студенттерге кәсіптік-техникалық мамандықтардың келешегі туралы әңгімеледі. Мәселен, «Жамбыл магистральдық желі бөлімшесі» филиалы директорының автоматтандырылған басқару жүйесі жөніндегі орынбасары Асылхан Тайлақбаев пойыздар қозғалысын басқарудың және қауіпсіздігінің цифрлық жүйелерін дамытудағы үдерістерін таныстырды.  

Филиалдың персоналдарды басқару бөлімінің бастығы Индира Қоңқашова теміржол саласында жұмысшы және техникалық білімі бар кәсіби мамандарға сұраныс төмендемейтінін жеткізді. Тараз станциясының бас инженері Ерсін Шардарбеков станцияларда қандай жұмыс атқарылатынына тоқталды. Жамбыл электрмен жабдықтау дистанциясының оқыту шебері Марат Құлбаев тоқпен жұмыс істегенде сақталуы тиіс еңбек қауіпсіздігі талаптарын түсіндіріп, дистанцияның магистральдық желі бойында қандай қызмет көрсететіні туралы айтып берді.  

Студенттерді көбірек қызықтыратыны – теміржол саласына енгізіліп жатқан жаңашылдықтар екен. Жастар осы мәселе туралы білікті мамандарға сұрақтар қойып, еркін әңгіме өрбіді. Салада қолданылатын нақты жобалар мен практикалық шешімдер талқыланған кездесудің болашақ теміржолшылар үшін берері көп болды.  

 

Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты
Жолаушылар тасымалы
28.09.2026
Пойызға қандай заттарды алып кіруге болмайды?
Инфрақұрылым
28.09.2026
Бозшакөл станциясында бағыттамалық бұрмалардың жаңа конструкциясы қолданылды
Әлемде
28.09.2026
InnoTrans көрмесінде Luna түнгі пойызының тұжырымдамасы таныстырылды
Сұхбат
28.09.2026
Қазақстанда теміржол өнімдерін өндіру жеті есе өсті
Аймақтар
26.09.2026
Жезқазғанда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды