Жүлдеге лайық жәдігер

Аймақтар
13.01.2026, 08:42
Суретті түсірген автор
Ардақ Үсейінова

"Қазақстан теміржолшысы" газетінің Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі

Отандық темір жол тарихынан сыр шертетін мұражайлар жол бөлімшелерінің бәрінде бар. Тіпті байырғы деполардың ғасырлық шежіресінен сыр шерткен музейлер қайсыбір локомотив және вагон деполарында да бар.

Жамбыл жол бөлімшесінің мұражайы Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған Қоғамдық музейлер, әскери және Еңбек даңқы бөлмелері мен бұрыштары арасында өткен қалалық байқауда жүлделі 2-орынды иеленді. «Қазтеміржолкәсіп» ҚБ Жамбыл филиалының төрағасы Ерболат Жидебаев байқауда Әулиеата өңіріндегі теміржол саласының тарихынан сыр шертетін деректер мен жәдігерлерді жинақтап, көптің назарына ұсынған мұражай қызметін жоғары бағалап, музей меңгерушісі Мээрим Қанатованы арнайы қабылдап, алғыс айтты. Жамбыл жол бөлімшесіндегі музейдің жұмысын үйлестіру әрі дамыту - кәсіподақ ұйымының сан салалы жұмысының бір бағыты екенін атап өтті.  

Байқауға 40-тан аса ұйым мен мекемелер қатысты. «Үздік мұражай + Әскери даңқ бөлмелері» номинациясы бойынша 1-орынды Тараз теміржол және коммуникация колледжі мен шаһардағы Бауыржан Момышұлы атындағы 45 қазақ классикалық гимназиясы иеленді. 2-орынды Жамбыл теміржол бөлімшесі еншілесе, 3-орын Т.Рысқұлов атындағы №48 орта мектептің мұражайына бұйырды. Ал «Үздік мұражай + Әскери даңқ бұрыштары» номинациясында М.Х.Дулати атындағы Тараз университеті және Әлихан Бөкейханов атындағы №1 гимназиясы алға шықты.  

- Алты жыл бұрын ашылған музейдегі жәдігерлердің басым бөлігі Жамбыл локомотив пайдалану депосындағы мұражайдан көшірілді. Музейдің төрттен бір бөлігіне Ұлы Отан соғысына қатысқан майдангер-теміржолшылардың әскери құжаттары мен наградалары қойылған. Темір жолдың арғы-бергі тарихынан бастап тәуелсіздік жылдарына дейін арнайы бұрыш бар, - дейді «Қазтеміржолкәсіп» ҚБ Жамбыл филиалының музей менеджері Мээрим Асылбекқызы.  

 

Жаңалықтар
04.09.2026
ҚТЖ: Жапониядан Қазақстанға химиялық өнімдердің алғашқы мультимодальды тасымалдауы ұйымдастырылды
Жаңалықтар
04.09.2026
Ақмола жүк тасымалы бөлімшесі – «Үздік теміржол ұжымы» байқауының жеңімпазы
Аймақтар
04.09.2026
Алматы және Қызылорда өңірлерінде «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Инфрақұрылым
04.09.2026
Ақтөбеде дуалды оқытудан өткен студенттерге еңбек кітапшасы табысталды
Аймақтар
04.09.2026
Тарихы терең Түрксіб
Станция тынысы
04.09.2026
Исатайда – жаңа вокзал
Қауіпсіздік
04.09.2026
Апаттың алдын алғандар
Қауіпсіздік
04.09.2026
Өз өміріңді тәуекелге тікпе...
Қауіпсіздік
04.09.2026
Тараздық күзетшілер мектеп оқушыларына қауіпсіздік сабағын өткізді
Жаңалықтар
04.09.2026
IQAS – тіл мерекесіне арналған QUIZ
ҚТЖ келбеті
04.09.2026
Заман көшінен қалмаған теміржолшы
Аймақтар
04.09.2026
Қараусыз мал: Маңғыстауда сегіз айда 6 рет мал басу оқиғасы тіркелді
Әлеумет
04.09.2026
Жаңа оқу жылына – бірге!
Жаңалықтар / Мұрағат
04.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №70 04 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
03.09.2026
Қазақстанның 100 теміржол вокзалында құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталды
Жаңалықтар
03.09.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ локомотив бригадалары теміржол өткелдерінде 39 ЖКО алдын алды
Әлемде
03.09.2026
Өзбекстанда пойыз бен жеңіл көлік соқтығысып, төрт адам қаза тапты
Әлемде
03.09.2026
Болгарияда Alstom компаниясының Coradia Stream электропойыздары жолаушы тасымалын бастады
Жаңалықтар
02.09.2026
«Қызылжар – Мойынты» жаңа желісі басты жолының түйісуі аяқталды
Аймақтар
02.09.2026
Ақтөбе облысында жөндеуден кейін Жем вокзалы қайта ашылды