Жамбыл филиалының өндірістік және қаржылық көрсеткіштері

Аймақтар
10.02.2026, 09:07
Суретті түсірген автор
Ардақ Үсейінова

"Қазақстан теміржолшысы" газетінің Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі

Жыл басынан бері «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС Жамбыл филиалының атауы қайта жаңғырғанымен, құрылымдық бөлімшенің атқарар негізгі жұмыс көлемі мен міндеттері өзгерген жоқ. Өңірдегі жүк айналымының 60 пайыздан астамы теміржол арқылы өтуде.

«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС Жамбыл филиалының директоры Айдын Сеитбенбетовтің мәліметінше, 2025 жылы жүк тасымалынан түскен табыс жетпіс бір миллиард теңгеден асқан. Бұл көрсеткіш 2024 жылы 46 900 675 мың теңгені құраған екен. Яғни былтырғы нақты кіріс 24 534 017 мың теңгеге, яғни 52 пайызға өскен.  

– Біз тасымалдау тарифі мен қосымша алымдарды арттырып, тиеу мен түсіруді ұлғайту арқылы тасымалдау қызметінің кіріс деңгейін арттырдық. Өткен жылы филиал бойынша қосалқы-көмекші қызметтен барлығы 359 279 мың теңге табыс кірді. Межелі жоспар – 240 639 мың теңге еді, 118 640 мың теңгеге асыра орындадық. Жүк қабылдау-тапсырушылар мен тауар кассирлерінің қызметтеріне бағаны көтеру, сондай-ақ «ТТТ-Сервис» ЖШС-не шарт бойынша құрғақ құммен жабдықтау бойынша қызметін ұсыну есебінен жоспардағы 8342 мың теңгенің орнына 28 504 мың теңге табыс таптық. Ал аталған серіктестікке 85 бірлікке ТҚ-2 қызмет көрсету бойынша табыс 10 912 мың теңгені құрады. «Alash Rail Service» ЖШС 2ТЭ10У тепловозын 9 820,1 мың теңгеге жалға алды. Тасымалдау процесінде жұмыспен қамтылғандардың еңбек өнімділігі 10 523 мың адамды құрады. Жоспар бойынша 9 883 мың тартылуы тиіс болған. Еңбек өнімділігі жүк айналымын 6,5 пайызға арттыру арқылы ұлғайды, – дейді Айдын Пайзылдаұлы.  

Сонымен қатар былтыр Жамбыл филиалында негізгі қызмет бойынша шығыс жоспарда белгіленген 65 450 091 мың теңгеден іс жүзінде 70 137 084 мың теңге жұмсалған. Мамандардың айтуынша, 4 686 993 мың теңге артық шығын пайдаланылмаған демалыс үшін өтемақы төлеуге, әлеуметтік мұқтаждарға, отынға, электр энергиясына аударымдар мен шығыстарға, тепловоз және электровоздарды күрделі жөндеуден өткізуге жұмсалған.  

Филиал директорының мәліметіне сәйкес өткен жылы техникалық жоспардағы 1 көрсеткіш қана орындалмаған. Белгіленген меже бойынша жүк тасымалы кезіндегі локомотивтердің техникалық жылдамдығы сағатына 47,07 км құрауы тиіс болған. Іс жүзінде 45,79 км/ сағатты көрсетіп, 97,3 пайызға ғана орындалған. Бұған негізінен жолдарды күрделі және ағымдағы жөндеу кезінде толаскез уақытының созылып кетуі әсер еткен. Айталық, Түлкібас-Тараз учаскесіндегі ауыр типті машиналарды қолдана отырып, ластанған балласт қабатын терең кесіп өтетін жолды күрделі жөндеуде – 96 сағаттық, Шу – Отар, Сарышаған – Шу, Шу – Тараз учаскесіндегі – 36 сағаттық, Шу – Отар учаскесіндегі – 30 және 26 сағаттық, Шу – Отар, Сарышаған – Шығанақ – Шу, Шу – Тараз, Түлкібас – Тараз, Қаратау – Жаңатас учаскесіндегі 12 сағаттық күрделі жөндеу жұмыстары кедергі келтірген.  

Бұдан бөлек, ауа-райының әсерінен жекелеген тәуліктерде барлық пойыздарда жылдамдықты 60 км/сағатқа, желдің екпіні 20 м/с-қа жетіп, одан да күшейген кездегі қозғалыс жылдамдығын 25 км/сағатқа азайтқан шектеулердің де көрсеткіштің төмендеуіне әкеліп соққан.

Осы және басқа да техникалық жағдайлар филиал бойынша дизель отынының және электр энергиясын тұтынуда шығыстардың өсуіне себеп болған. Өткен жылғы дизель отынының артық шығыны 329,9 тоннаны құраса, 54 051 мың кВт/сағат артық электр энергиясы жұмсалған.  

Жүк айналымы артқан сайын кіріс көбейіп, соған сәйкес кейбір шығыстардың да артатыны түсінікті. Оның үстіне магистральдық желілерді жаңғырту жоспары кезең-кезеңімен ұлғайып жатқаны мәлім. Бұл уақытша кедергілерді туындатқанымен, жақын жылдарда пойыздар қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, көрсеткіштерді жақсартатыны анық. Сондықтан Жамбыл филиалы алға үлкен мақсаттар мен міндеттерді белгілеп отыр.  

– Бүгінде Тараз-Жаңатас учаскесінде жүк тасымалының көлемі арта түсті. Осыған байланысты Қаратау станциясы бойынша локомотивтерді отынмен және құммен жабдықтауды қарастырып отырмыз. 2026 жылы Алматы, Мойынты – Шу учаскесінің өткізу қабілетін жақсарту мақсатында бұрынғы Бірлік-2 станциясын қалпына келтіру жұмыстарын жандандыруды, Түрксіб станциясы бойынша қабылдау-жөнелту паркінің жолында ауыстырусыз сұрыптау паркінің жолдарынан тақ жүк пойыздарын электровоздармен жөнелту үшін съезд салуды жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар бірінші жартыжылдықта жүктерді тиеуді 3,0 пайызға ұлғайту жоспарда бар. Индустриялық аймақтарды дамытсақ, ірі жүк жөнелтушілер – «Еурохим-Қаратау», «Қазфосфат» ЖШС-терінен шығарылатын өнім көлемін ұлғайту есебінен жүк айналымын экспорттық қатынаста 1,5 пайызға арттыруға мүмкіндік туады. Ал экологиялық, экономикалық тиімділікке қол жеткізу, еңбек жағдайын жақсарту үшін ТЧЭ-30 Шу құм кептіру шаруашылығының пештерін қатты отыннан газға ауыстыру мәселесін қарастыру қажет, – деп ақпар бөлісті Айдын Сеитбенбетов.  

Бұдан басқа да кезегін күтіп тұрған ағымдағы мәселелер аз емес екен. Солардың ішінде ең өзектісі – Тараз, Шу, Сарышаған станцияларының тораптары бойынша маневрлік локомотивтер паркін жаңарту және ұлғайту мәселесі. «Себебі жыл санап филиал бойынша жүк айналымының көлемі артып келеді. Көлем өскенде жүктерді тиеу және түсіру, жергілікті жүкті тасымалдау жоспарларын қамтамасыз ету үшін парк аумағын кеңейту қажет», – деді бөлімше басшысы.  

 

Жаңалықтар
15.07.2026
ҚТЖ басшылығы Шанхайда бірқатар екіжақты кездесу өткізді
Жаңалықтар
15.07.2026
ҚТЖ Шанхайда қытайлық серіктестермен бірқатар келісімдерге қол қойды
Әлемде
15.07.2026
Үндістан теміржолы жүк тасымалын жеңілдетуде
Жаңалықтар
15.07.2026
ҚТЖ теміржол желісінің 1 056 шақырымында цифрлық автобұғаттау жүйесін енгізді
Әлемде
15.07.2026
Өзбекстан мен Пәкістан Трансауған теміржолы жобасын жеделдетуді талқылады
Жаңалықтар
15.07.2026
Қызылорда станциясында теміржол мүлкінің сақталуы мен қауіпсіздігі талқыланды
Инфрақұрылым
14.07.2026
Елімізде 754 шақырым жаңа теміржол желісі салынып жатыр
Аймақтар
14.07.2026
Теміржолшылар болашақ жүргізушілерді теміржол өткелдеріндегі қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырды
Жолаушылар тасымалы
14.07.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыздарында санитариялық қауіпсіздік қалай қамтамасыз етіледі
Жаңалықтар
14.07.2026
ҚТЖ «Балаларды мектепке жинайық» қайырымдылық акциясын өткізуде
Цифрландыру
14.07.2026
ҚТЖ жүк тасымалын талдауға арналған отандық цифрлық платформаны іске қосты
Жаңалықтар
14.07.2026
Елордада көлік және логистика саласында ірі халықаралық форум өтті
Трансформация
14.07.2026
Магистральдық желіні дамыту бағдарламасынан не күтеміз?
Аймақтар
14.07.2026
Атырау вагон құрастыру зауытында жаңа ғылыми-сынақ орталығы іске қосылды
Аймақтар
14.07.2026
Әйтеке би станциясында астық тасымалы артқан
Жолаушылар тасымалы
14.07.2026
І топтағы мүгедектігі бар жандар теміржол билетін онлайн ала алады
ҚТЖ келбеті
14.07.2026
Әлмахановтар әулетінің ақтаңгері
Әлеумет
14.07.2026
Балалар жаз қызығына кенелуде
Жаңалықтар / Мұрағат
14.07.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №53 14 шілде 2026 жыл
Жүк тасымалы
13.07.2026
Жаңа сұрыптау жолдары Khorgos Gateway терминалының қуатын 48%-ға арттырды