Семейдегі жас мамандардың ұсыныстары тыңдалды

Аймақтар
23.02.2026, 11:39
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген автор
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Бүгінгі Семей теміржолында жастардың үлесі мол. Сала қызметкерлерінің 29 пайызын 35 жасқа дейінгі буын құрайды екен. Жуырда салалық кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен бөлімшедегі еңбекші жастар қауымымен кездесу өтті.

Басқосуға бөлімше басшысы Алмас Сейсемқанов арнайы қатысып, жастардың ой-толғанысын тыңдады. Жас толқынды не ойландырады, қызметте немесе тұрмыстық өмірінде қандай күрмеулі мәселелері бар, ұсыныс-пікірлері бар, еркін әңгіме өрбіген орта болды.

Алғашқы болып сөз алған Алмас Ғылымұлы ұлттық компанияның жастар саясаты жөнінде сөз қозғады. Өскелең буынның кәсіби және тұлғалық дамуы бойынша атқарылып жатқан шараларға тоқталды. Бұл ретте «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның көшбасшылардың жаңа буынын дамытуға бағытталған «Жастар кадрлық резерві» стратегиялық маңызды бағдарламасы да сөз болды. Осы орайда «ҚТЖ-100 жас есім» жобасының семейлік жеңімпаздары үлгі етілді.  

Өз кезегінде жарыса сөз алған жастар да өздерін толғандырған мәселелер жайлы кеңінен сөз етті. Олардың проблемалары туралы көп әңгіме өрбіді. Жас мамандардың әлеуетін ашып, болашақ менеджерлерді тәрбиелеуде олардың бастамалары да маңызды екендігі белгілі. Бұл ретте жастар өз ұсыныстарын көпшілік алдында ашық талқылап, сызбанұсқа ретінде креативті түрде көрсетіп берді.

Ал «Қазтеміржолкәсіп» ҚБ Семей аймағы бойынша өкілі Есен Қажығұлов еңбек құқығын қорғау, жалпы кәсіподақ қызметі жайды кең көлемде сөз қозғады.

Сол тәрізді басқосуға бөлімшенің кадр бөлімі басшылығы, спорт нұсқаушысы да қатысқандықтан жастар сауалдарын қойып, жауап ала алды.

Жергілікті ардагерлер қауымы атынан Құрметті теміржолшы, «Түрксіб-Семей» мұражайының құрметті директоры Мақсұт Көшжанов сөз алып, нағыз кәсіби теміржолшы болып қалыптасу туралы аталы ақыл-кеңес беріп, сөзінің соңында жастар қауымына баталы тілек білдірді. 90 жастың төріне шыққалы отырған қадірменді қарияның көрегенді сөздері көпшілік жастарға ой салды.

Жиын қорытындысында алдағы уақытта бөлімшедегі қоғамдық іс-шараларда жастар белсенділігін арттыра түсу, кәсіподақ ұйымымен байланысты мейлінше жандандыру жайлы өзара уағдаластық жасалды.

Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды