Шығыста экспорттық жүк тасымалы артты

Аймақтар
24.02.2026, 09:10
Суретті түсірген автор
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Шығыс өңірі – Орта Азия мен Еуропа елдеріне, Қытайға теміржол тасымалы арқылы тауар экспорттаушы аймақ. Әсіресе соңғы екі жылда бұл бағыттағы жұмыстар ширатыла түскен. Оған басты себеп – аймақтағы көптеген тың аграрлық жобаларға мемлекеттің қолдау көрсетуі. Нәтижесінде бүгінде теміржол арқылы экспорттық жүк тасымалы да біршама артып отыр.

Жалпы, өткен жылдың қорытындысы бойынша Семей филиалындағы жүк айналымы біршама өсті. Тиеу көлемі көзделген меже 16 070,0 мың тоннадан асты. Бұл көрсеткіштер облыс көлеміндегі жаңадан ашылған кәсіпорындардың есебінен артып отыр. Осы ретте тасымал бағыттары алдағы уақыттарда да кеңейе түспек. Оған себеп, жаңадан ашылған бұршақты дәнді дақылдар мен өсімдік майын терең өңдейтін «Agrolider KAZ» ЖШС, «Qazaq-Astyq Group» ЖШС сынды іргелі өндіріс орындары жүк тасымалы үшін тұйық желілерді жандандырған. Бұл өндіріс ошақтарына кластан тыс Семей станциясы қызмет көрсетеді. Тиелген өнімдер Шығыс Еуропа елдеріне, Қытайға және Орта Азия мемлекеттеріне экспортталады.  

Оған қоса, биылғы жылы «Eurasia Agro Semey» ЖШС базасындағы ірі ет өңдеу зауыты іске қосылар болса, тораптық Жаңа-Семей станциясы арқылы жүк тиеу жұмыстарының өсетіні болжануда.  

Жалпы, бөлімшедегі Семей, Жаңа-Семей, Шар, Белағаш, Аягөз станцияларынан астық, жарма, өсімдік майы, көптеген дәнді дақылдар түрлері мен өзге де азық-түлік өнімдері тиеледі. Өткен жылы мұндай жүктерді тиеу көрсеткіші алдыңғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 252,3 мың тоннаға артты. Өндірістік процестің мейлінше ширай түсуіне байланысты тораптық станцияларда пойыз құрастырушылар мен маневрлік тепловоздардың қажеттілігі де айқын сезілген.  

Семей филиалындағы станциялар жұмысын талдайтын және аймақтық көлік-логистикалық әлеуетті дамытумен айналысатын маңызды құрылым – логистика және тасымалды ұйымдастыру бөлімі мамандарының сөзіне сүйенсек, аймақтың инвестициялық тартымдылығы, жаңа технологиямен, заманауи стандарттармен жабдықталған ірі өндіріс ошақтарының көптеп ашылуы теміржол бойынша тасымалдың артуына себеп болуда. Осыған дейін контейнерлік пойыздар арқылы көбінесе тек шикізат өнімдері ғана тасымалданса, қазіргі күні дайын өнім түрлерін тиеу көбейген. Бұл экспорттық әлеуетті кеңейтуге ықпал етуде. Қазіргі күні жүк тасымалын ұйымдастырудағы айлық, тоқсандық және жылдық жоспарлар аясында жүктерді тиеу мен жеткізуді оңтайландыру және үйлестіру жұмыстары күшейтілген.  

Осылайша, қазіргі таңдағы семейлік теміржолшылар алдындағы басты міндет – салалық қызметтегі жұмыстардың қарқынын сақтап қана қоймай, өндіріс пен жүк айналымындағы тиімділікті арттыра түсу болып отыр.  

 

Әлемде
14.09.2026
Ресей теміржолдарында пойыздардың рельстен шығуы мен соқтығысуы 13%-ға артты
Әлемде
14.09.2026
Alstom Канадаға 313 жолаушылар вагонын жеткізеді
Жаңалықтар
14.09.2026
Қызметтік иттердің көмегімен теміржолда 74 есірткі дерегі анықталды
Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады