Су тасқынына дайындық күшейтілді

Аймақтар
02.03.2026, 11:08
Оқуға 3 мин
Суретті түсірген автор
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Өткен айда «ҚТЖ» ҰК» АҚ биылғы көктемгі су тасқыны кезінде пойыздар қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және теміржол инфрақұрылымын қорғау бойынша іс-шаралар легін бастап кетті.  

Осы орайда шығыстағы Семей магистральдық желі бөлімшесі қызыл су кесірінен жолдардың шайылуына жол бермеу және үзіліссіз қызмет көрсетуді қамтамасыз ету бойынша бекітілген техникалық шаралар жоспары аясында жұмыс жүргізуде.  

Биылғы даярлық бұрынғыдан біршама қарқынды. Себебі, «Қазгидромет» АҚ-ның ел шығысындағы көктемгі мезгілге жасаған жоспары қауіп шақырады. Су тасқыны мүмкіндігі жоғары бес аймақтың ішінде Абай облысы алғашқы кезекте аталады. Синоптиктер наурыз айы жылы әрі жаңбырлы болады деп болжауда. Жауын-шашын қардың еруін тездетуі мүмкін. Егер күн күрт жылыса, еріген қар суының деңгейі көтеріліп, қауіп күшейеді. Су тасқынына әсер ететін басты фактор – топырақтың қату тереңдігі. Қазір Семей филиалына қарасты аумақтағы тоңның тереңдігі 1,5 метрге дейін жетеді. Болжамға сәйкес, биылғы көктемде Жарма-Аягөз, Дүйсекен-Ауыл телімдері жоғары тәуекел аймағында тұр. Әсіресе, Аягөз жол дистанциясына қарасты аумақ басты назарда.  

Десекте, семейлік теміржолшылар көктемгі тасқынға даярлықты өткен күздің соңында бастап кеткен болатын. Мәселен, бүгінгі күнге дейін НЖС-6 бөлімшесіне тиесілі 440 көпір, 368 құбыр мен 181 шақырым арық, 1219 км су арналарын қар мен күзгі лайсаңның қоқысынан, мұздан тазарту жұмыстары жүргізілді. Бұл тізімдер алдағы апталарда тағы да толығуы мүмкін. Осылайша теміржолға төнер қауіп деңгейі едәуір төмендетілген.

– Ұйымдастыру және техникалық іс-шаралар жоспары бойынша көпірлерді, су өткізгіштерді тазарту, су тасқыны қаупі жоғары аймақтарға ерекше назар аудару,

жолдарды еріген судан қорғау үшін топырақ бөгеттерін нығайту және бұру арналарын жасау мәселесі қолға алынған болатын. Қар көшкінінің және өзендерде мұз кептелісінің алдын алу үшін Өскемен өңірінде бұрғылау және жару жұмыстары жоспарлануда. Сол тәрізді желі бойындағы гидравликалық құрылыстар мен су деңгейлерін бақылау күшейтілді. Локомотив бригадаларына кез келген қауіп туралы дереу хабарлау тапсырылды. Қазіргі ахуал тұрақты, жағдай толық бақылауда, – дейді бұл ретте Семей магистральдық желі бөлімшесі бойынша азаматтық қорғаныс бөлімінің инженер-технологы Еркін Спанов.

Жалпы, теміржолшылар төтенше жағдайлар басқармасымен бірлесіп қызыл су тасқынының алдын алу үшін қажетті іс-шараларды жүргізуде. Мәселен, аймақтағы 64 елді мекен су басу қаупі жоғары аумаққа жатады екен.  

Осы орайда атқарушы биліктің күш салуымен көктемгі су тасқыны кезеңіне күш пен құралдар дайындау, эвакуациялық пункттерді әзірлеу, қар шығару жұмыстарын күшейту, инерттік материалдар мен жанар-жағармай, азық-түлік және дәрі-дәрмек қорын жинақтау жұмыстары басталып кетті. Бұл ретте төтенше жағдайлардың алдын алу үшін құм толтырылған қапшық қорын дайындау міндеті бірінші кезекте. Алдыңғы сапта теміржолшылар қауымы тұр. Төтенше жағдай туындаса Семей мен Аягөз станцияларынан 5 арнайы пойызды жасақтап жолға шығаруға мүмкіндік бар.  

Мамандар болжамынша, жазық аймақтарда су тасқынының шарықтау кезеңі наурыздың ортасы мен сәуірдің соңына дейін созылады. Ал таулы өңірлерде тасқын толқындары наурыз айынан бастап жазға дейін жалғасуы бек мүмкін. Демек, теміржол бойындағы сақтық шараларын күшейту күн тақырыбына шығады деген сөз. Бұл орайда алдағы тәуліктері күн жылынған шақта желі бойында кезекшілік ұйымдастыру ісі қарастырылуда.

 

 

Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды