Ғибратты ғұмыр иесі

Аймақтар
13.03.2026, 08:20
Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Қызылорда агротехникалық колледжінде Құрметті теміржолшы, ақын және аудармашы, «Иман» сыйлығының және ҚР Журналистер одағы сыйлығының иегері Шайхислам Серікбайұлының 100 жылдығына арналған «Қоғам шындығын қаламмен жазған қаламгер» атты әдеби-танымдық кеш өтті.

Теміржолдың аймақтық ардагерлер кеңесінің төрағасы Марат Шайжан бастаған сала ардагерлері мен теміржолшылар, студенттер қатысқан кеште Сыр елінің аяулы перзентінің өнегелі өмір жолы жайлы «Халқына қалаулы қайраткер» тақырыбында кітап көрмесі таныстырылды.  

Теміржол саласында қызмет атқара жүріп қаламды да қатар ұстаған жан – «Жанқожа батыр», «Жалаңтөс бахадүр» пьесалары, «Аңыз бен ақиқат», «Тұлғалар», «Даналар мен даралар» секілді бірнеше тарихи-тағылымдық, әдеби-зерттеу, поэзиялық кітаптардың авторы. 1926 жылы 22 наурызда Қызылорда облысы Қазалы ауданында дүниеге келген ол соғыс жылдары жасөспірім кезден еңбекке араласып, ФЗО – Жұмысшы жастар мектебінде білім алады. Кейін Ташкент техникумын, Мәскеудің көлік инженерлері институтын бітірген.  

Жиында сөз алған сала ардагерлері естеліктерімен бөлісті. Еңбек жолын Қазалы локомотив депосында бастап, ұзақ жылдар бойы Қызылорда теміржол бөлімшесінде кадр саласын басқарған, сонымен қатар Қазалы аудандық партия комитетінде, Қызылорда облыстық партиялық және халықтық бақылау комитеттерінде жауапты қызметтер атқарған Шайхислам Серікбайұлының теміржол саласы ғана емес, облыс көлемінде абыройы асқан ерекше білімді, өткір, парасатты жан болғаны сөз болды. Мақалалары кезінде одақтық «Правда», «Гудок» газеттерінде және басқа да басылымдарда жарияланып тұрған. Өмірден өткенше қолынан қаламы түспеген қаламгер-журналист ретінде ақиқаттың ақ туын жықпай ғұмыр кешкені айтылды.  

Баспа ісі мен мемлекеттік-қоғамдық саладағы жемісті еңбегі үшін Шайхислам Серікбайұлы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен, сондай-ақ одақтық және республикалық деңгейдегі грамоталарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталған. Кештің мазмұнды түйіні қоғамға пайдалы іс тындырып, ғибратты ғұмыр кешудің жарқын үлгісін паш ету болды.  

 

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады