Индираның наурыз көжесі

Аймақтар
27.03.2026, 08:24
Суретті түсірген автор
Ардақ Үсейінова

"Қазақстан теміржолшысы" газетінің Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі

Жамбыл магистральдық желі бөлімшесінің ұжымы персоналды басқару бөлімінің бастығы Индира Қоңқашеваның наурыз көжесін мақтағанда еріксіз тамсанасыз. «Тілі дәм үйіретін ондай наурыз көже ішкен емеспін» дейтіндер көп.

– Жыл сайын Жамбыл магистральдық желі бөлімшесі мен Жамбыл жүк тасымалы бөлімшесі бірлесіп, Ұлыстың ұлы күнін және теміржолшылар мерекесін ерекше атап өтеді. Жыл басы саналатын Наурызда «Түрксіб» саябағында ақшаңқан киіз үйлер тігіліп, алтыбақан құрылып, ән-думанға бөленеді. Осы мерекелерде барлық ұйым мүшелері белсенді атсалысып, түгел үлес қосады. Көктем тойында өзім жақсы көретін наурыз көже, сырбаз пісіремін. Наурыз көженің дайындау тәсілін анам үйреткен, сырбаз жасауды енемнен үйрендім, – дейді Индира.  

Өскен-өнген әулетте қазан жиі көтерілетіні белгілі, сондайда ғұрыптық асты жиі дайындайтындығының пайдасы осындайда тиеді. Теміржолшылар Индира Шаяхметқызы пісірген дәмі тіл үйіретін наурыз көжені ішуге асығып тұрады.  

– Жалпы наурыз көженің ғұрыптық мәні бар. Оны қазақ халқы өзінің дәстүрлі шаруашылығына сай бейімдеген. Төрт түлік төлдеп жататын кезең болғандықтан Ұлыс күнінде мал соймайды. Бір жағынан бұл қыстан мал басы бүтін шықсын, жылдан-жылға аман жетейік деген тілек пен ниеттен туған. Міне, сол үшін наурыз көжені жылқының сүрленген етімен дайындайды. Алдымен қабырға, жая, қазы, қойдың сүрленген құйрығын жақсылап жуып, қазанға салып, жақсылап баптап қайнатамыз. Көже жасағаннан 5-6 сағат бұрын ақ және сары түсті тазаланған жүгеріні жуып, жылы суға жібітіп қоямыз. Ал бидай, машты жібітпей-ақ қосса болады. Сүр ет ұзақ қайнайтын болған соң, бұл дәндерді көжеге ертерек саламыз. Көкөністерден – пияз, картоп, сәбізді майдалап турап саламыз. Барлығы пісейін деп тұрғанда, илеп-жайып кеспе саламын. Көже пісіп, дайын болғанда айран, қатық, ерітілген құрт қосуға болады, – деп Ұлыстың ұлы күнінде пісірілетін ғұрыптық асты дайындау тәсілімен бөліскен Индира Шаяхметқызы келін боп түскен шаңырақта теміржолшылар әулетін жалғастырушы екенін мақтанышпен жеткізді.  

 

Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті