Маңғыстау теміржолының ардагерлері бас қосты

Аймақтар
14.05.2026, 11:32
Суретті түсірген автор
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Маңғыстау жүк тасымалы филиалының ғимаратында Маңғыстау теміржолы ардагерлер кеңесінің кезекті отырысы өтті.  

 Зейнеттегі теміржолшылар мен қазіргі теміржолшылардың, басшылық өкілдерінің, кәсіподақ ұйымы төрағаларының басқосуында Кеңестің жұмысы жайында айтылып, түбек теміржолының кешегісі мен бүгіні сөз болды.  

 Аймақтық ардагерлер кеңесінің төрағасы Үсен Имашев Кеңестің атқарып жатқан жұмыстары жайында баяндады. Жүзеге асырылып жатқан игі шараларды атап, кейбір қолбайлау тұстарды бірлесіп шешуге шақырды. Өзге ардагерлер де ойын білдіріп, ізін басып келе жатқан буынға ақжарма тілегін жеткізді. Мекеме басшылары сөз алып ардагерлер жұмысына қолдау білдіріп, бірлесе жұмысты жандандыратындарын айтты.  

Маңғыстау магистральдық желі бөлімшесі директоры Ерназар Ізтұрғанов ардагер теміржолшылардың түбек теміржолының өркендеуі жолында сіңірген еңбегі ұмытылмайтынын атап, жылы лебізін білдірді. Мерейтойлық жасқа жеткен зейнеткерлерді құттықтап, 70, 80 жасқа толған ардагерлерді Алғыс хатпен марапаттады.  

Марапатталғандардың қай қайсысы да кезінде бар күш-жігерін осы салаға сарқи жүріп, өмірін теміржолмен байланыстырған жандар. Соның бірі Маңғыстау түбегіне Мақаттан және Маңғыстау бағытынан тартылған қос жолдың қосылған кездегі тірі куәгері, сол шақта жас жігіт болған Ази Байпақов. Жол шаруашылығында еңбек еткен ол  бүгінде сексеннің сеңгіріне шыққан Құрметті теміржолшы,  Бейнеу ауданының Құрметті азаматы. Ази ақсақал Маңғыстау теміржолының Мақат теміржолымен түйіскен сәтіндегі естеліктерді еске алып, бұрыңғы теміржолшылардың көрген бейнетін атап, қазіргі жетістіктерге қуанып отыратынын жеткізді.  

 

Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамытуды талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда
ҚТЖ келбеті
08.09.2026
Аягөз – машинистер ұстаханасы
Спорт
08.09.2026
Жамбылдық волейболшылар «ЦЖС кубогында» күміс жүлдегер атанды
Жаңалықтар / Мұрағат
08.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №71 08 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
08.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ басшылығының SIPG және NIZE Intelligent Technology өкілдерімен кездесуі өтті
Аймақтар
07.09.2026
Қызылорда теміржолында қозғалыс қауіпсіздігі көрсеткіштері жақсарды
Жүк тасымалы
07.09.2026
ҚТЖ-да биылғы егін астығын тасымалдау талқыланды
Әлеумет
07.09.2026
Жолаушылар пойызына тас лақтырған үш жасөспірім ұсталды
Әлемде
07.09.2026
Қытай Чэнду – Серахс бағыты бойынша жүк пойызын іске қосты
Әлемде
07.09.2026
Францияда алғаш рет аккумулятормен жүретін пойыздар іске қосылды
Инфрақұрылым
07.09.2026
Көлік саласындағы ірі жобалар Қазақстанның транзиттік әлеуетін арттырды
Аймақтар
05.09.2026
Сарыағаш вокзалы жаңғыртылып, жолаушылар үшін қайта ашылды
Жаңалықтар
04.09.2026
ҚТЖ: Жапониядан Қазақстанға химиялық өнімдердің алғашқы мультимодальды тасымалдауы ұйымдастырылды