Қауіпті сейілткен теміржолшының анасы алғысқа бөленді

Аймақтар
15.05.2026, 08:44
Суретті түсірген автор
Ардақ Үсейінова

"Қазақстан теміржолшысы" газетінің Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі

10 мамыр – Халықаралық аналар күніне орай «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС бас директоры Асан Үмбетов осы саладағы өз ісіне адал, алғырлығы мен шұғыл әрі дұрыс шешім қабылдауының арқасында қауіп-қатердің алдын алған теміржолшылардың аналарымен Zoom жүйесі арқылы жүздесіп, алғысын жеткізді. Олардың қатарында Жамбыл локомотив пайдалану депосының машинисі Марат Абызовтың анасы Алтынай Жұмашева да бар.

Алтынай Мырзағалиқызын «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС «Жамбыл» филиалының басшылығы да құттықтап, елге қызмет етер ұл тәрбиелеген анаға оқалы шапан кигізіп, иығына орамал жауып, ұжым атынан құрмет көрсетті.  

Алтынай Мырзағалиқызы өз кезегінде ұлының ісін бағалап, еңбегін елеп, анасы деп құрмет көрсетіп жатқан басшыларға ризашылығын жеткізді. Аналық ақ батасын беріп, ұжымның жұмысына табыс тіледі.  

Марат Сәрсенбайұлы – отбасындағы төрт ұлдың үшіншісі болғанымен, әулеттегі алғашқы теміржолшы. 13 жылдан бері Жамбыл локомотив пайдалану депосында еңбек етіп келеді. Алты жыл көмекші ретінде тәжірибеде ысылған маманның жолаушылар пойызының электровоз машинисі болып жолда жүргеніне жеті жылға жуықтапты.  

Былтыр машинист Мараттың Аспара – Шу учаскесінде өткелде трактордан ажырап қалған тіркемеге 2 метр жеткізбей, «Ақтөбе – Алматы» бағытындағы №34 жолаушылар пойызын шұғыл тоқтатып, апаттың алдын алған ерлігі бүкіл елге тараған. Осы батыл әрекеті үшін өткен жылы Марат Абызовты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Адал еңбегі үшін» төсбелгісімен марапаттаған болатын.  

 

Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда
ҚТЖ келбеті
08.09.2026
Аягөз – машинистер ұстаханасы
Спорт
08.09.2026
Жамбылдық волейболшылар «ЦЖС кубогында» күміс жүлдегер атанды
Жаңалықтар / Мұрағат
08.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №71 08 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
08.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ басшылығының SIPG және NIZE Intelligent Technology өкілдерімен кездесуі өтті
Аймақтар
07.09.2026
Қызылорда теміржолында қозғалыс қауіпсіздігі көрсеткіштері жақсарды