Семейлік теміржолшылар қаржылық сауаттылығын арттыруда

Аймақтар
15.05.2026, 09:02
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

«ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның еншілес ұйымдарында «Amanat» партиясының бастамасымен республикалық «Қарызсыз қоғам» әлеуметтік жобасы жүзеге асырылуда.

Бұл жоба қызметкерлердің қаржылық сауаттылығын арттыруға, түптеп келгенде қарыз мәселелерін шешуде нақты көмек көрсетуге бағытталып отыр.  

Жоба онлайн және офлайн форматта жұмыс істейді. Қызметтер халыққа тегін ұсынылады. Жуырда партия филиалымен бірлескен меморандум аясында «ӘТЖК» ЖШС Семей филиалы қызметкерлері үшін арнайы семинар-тренинг өткізілді. Оның барысында барша қатысушылар жобаның қызметтерімен толық танысып, несиелік қарыздарды реттеу, қарыз картасын жасау, жеке бюджетті жоспарлау сынды бірқатар өзекті мәселелер кеңінен қарастырылды.  

– Жайсыз әлеуметтік жағдай теміржолшылардың көңіл-күйіне, ал ол өз кезегінде жұмыс істеу қабілеттеріне теріс әсер етері сөзсіз. Ал халықтың шектен тыс несие қарызына батуы – қоғамдағы ең өткір проблемалардың бірі. Сондықтан бұл әлеуметтік жоба өзекті мәселенің салдарымен де, себебімен де күресуге мүмкіндік береді. Мақсатымыз – қызметкерлеріміздің қаржылық сауаттылығын мейлінше арттыру, қаржыны басқара білу әдістерін меңгеруіне жәрдемдесу. Осындай семинар-тренингтерден олар мол мағлұмат, пайдалы ақпарат алып, дағды қалыптастыратыны анық, – дейді Семей ЖТ филиалы кәсіподақ ұйымының және бөлімше бойынша «Amanat» партиясы бастауыш ұйымының төрайымы Айгүл Берікболова.  

Қатысушылар қаржы мәселесі бойынша толғандырған сұрақтарын қойып, кәсіби маманнан нақты кеңестер алды. Аталмыш семинарларды алдағы уақыттарда желі бойындағы өзге де теміржол мекемелерінде өткізу ойластырылуда.

 

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады