Қандыағаштық теміржолшы ірі апаттың алдын алды

Аймақтар
09.06.2026, 08:55
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген автор
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Қандыағаш вагон пайдалану депосының вагон қараушысы Нұрбек Қарағұнанов қырағылығының арқасында ірі апаттың алдын алды. Күнделікті қызметтік міндетін атқарып жүрген теміржолшы жүк вагонындағы роликті буксаның қауіпті ақауын дер кезінде анықтап, ауыр зардаптарға жол бермеген.

Оқиға қыс мезгілінде болды. Қандыағаш станциясына кезекті жүк пойызы тоқтаған сәтте вагондарды тексеру жұмысы басталған. Нұрбек цистерна вагондарының доңғалақ жұбын балғамен ұрып келе жатып кенет күмәнді тосын дыбысты байқап қалады.  

«Дереу анықтап қайта ұрып, роликті буксаның айналасын мұқият қарап, сақинасы (кальцосы) шығып кеткенін анықтадым. Қақпағын ашып қарағанда ішкі бөлшектерінің шашылып жатқанын көрдім», – дейді ол.  

Әрі қарай алгоритм бойынша әрекет етіліп, ақау жайлы басшылыққа хабар беріледі. Әріптестері келіп тексеріп, вагонды мұқият қарап шыққан соң жылжымалы құрамнан ағыту жөнінде шешім қабылданады. Вагонның деректері жазылып, акт толтырылады. Кейін жөндеу және қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі. Ақау дер кезінде анықталмағанда салдары өте ауыр жағдайға ұласуы әбден мүмкін еді. Өйткені цистерна ішіндегі сұйықтық сыртқа төгілсе, экологиялық апат орын алып, қоршаған ортаға зор зиян келтіретін еді.  

Нұрбек – теміржолшылар әулетінің өкілі. Әкесі өмір бойы вагон қараушы болып еңбек еткен. Әкесінің ағалары мен бауырлары да теміржол саласында ұзақ жылдар қызмет атқарған. Сондықтан бұл мамандық оған бала күнінен етене таныс. Сонымен қатар қырағылық теміржолда басты қасиет екенін, әсіресе вагон қараушы үшін ол кәсіби қасиет екенін жақсы түсінеді.  

Әр күн бірдей өткендей көрінгенімен, әртүрлі жағдайлар кездеседі. Қандыағаш станциясына келген жүк вагондарын түгел тексереді. Бір ауысымда 8-9 пойыз өткізеді. Әр пойызда орта есеппен 50-70 вагон бар. Күніне жүздеген вагонды қарап шығады. 12 сағат бойы аяқпен жүріп, тыным таппайды. Пойыздар үздіксіз келіп-кетіп жатқан үлкен станцияда демалыс деген жоқ. Тек ауысымнан шығып, арқаны кеңге салып демалуға болады. Қырағылық пен жауапкершілік әр маманның кәсіби келбетін айқындайтын салада Нұрбек Қарағұнанов сынды теміржолшылар үшін бұл – жазылмаған заңдылық.  

 

Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды
Жаңалықтар / Мұрағат
06.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №79 06 қазан 2026 жыл
Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті