Шымкентте теміржолшы өнертапқыштардың қатары артып келеді

Аймақтар
12.06.2026, 09:25

Шымкент магистральдық желі бөлімшесінің рационализаторлық қызмет бойынша көрсеткіштері көңілден шығады. Өткен жыл біздің өнертапқыштар үшін табысты жыл болды деуге болады.

Жоспар бойынша өткен жылы 17 рационализаторлық ұсыныс беру жоспарланған болса, нақты орындалуы 27 ұсынысты құрып, жоспар артығымен орындалды. Яғни жоспардан тыс 10 ұсыныс болды. Бұл – шымкенттік теміржолшылар арасында озық ойлы өнертапқыштар артып отырғанының белгісі.

Өткен жылдың қорытындысы бойынша Астана қаласында 26 мамыр күні өткен «Рационализаторлық – техникалық дамудың негізі» атты конференцияда жаңа жобаларын қорғағандар қатарында Шымкент магистральдық желі бөлімшесі директорының пайдалану жөніндегі орынбасары Жомарт Мырзабеков, Арыс өрт сөндіру пойызының бастығы Есқара Әлімжан, ШЧ-38 Арыс филиалының бастығы Мейіржан Жанабаев, байланыс электромеханигі Вали Абдулхусенов, т.б. болды. Рационализаторлар конференциясына «ҚТЖ» ҰК» АҚ бас инженері Рамазан Садырқұлов пен ЦНТИ бас директоры Төлеген Орашев қатысып, өнертапқыштардың еңбегімен танысты, лайықты бағасын берді.  

Шымкент бөлімшесінің рационализаторлық жобалары конференция қорытындысы бойынша жүлделі орындарға ие болды, атап айтқанда «Үздік рационализатор» төсбелгісін алған Жомарт Сырлыбайұлының «Жұмыс орнына пойыз жақындағанын ескертетін тасымалды хабарлау жүйесі» жобасы – 2-орынды, ал Арыс өрт сөндіру пойызының бастығы Есқара Әлімжанның «Қолдан жасалған лафеттік су атқыш» жобасы 3-жүлделі орынды иеленіп, еңбектері жоғары бағаланды. Олардың өндіріске ұсынған жобалары экономикалық жағынан тиімді деп танылды.  

Ләззат ЖАРИМБЕТОВА, Шымкент

 

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады