Жүк пойызының машинистері апаттың алдын алды

Аймақтар
15.06.2026, 10:07
Ардақ Үсейінова

"Қазақстан теміржолшысы" газетінің Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі

Жеңіл автокөлік иелерінің асығыстығы салдарынан темір жол өткелдерінде апатты жағдайлардың туындауын арттырып тұр. Өткен екі айдың ішінде Жамбыл локомотив пайдалану депосының машинистері шұғыл жағдайда жүк пойызын тоқтатып, апаттың алдын алды.

Бірінші жағдай 21 сәуірде Шу – Тараз учаскесінде тіркелген болатын. Пойыздың жақындап қалғанына қарамастан, өткелге шығып кеткен  Jeep жеңіл автокөлігін байқаған машинист Садриддин Бадырдынович пен көмекшісі Нұрбек Бейсенов шұғыл шешім қабылдап, пойызды тоқтатып үлгереді. Қозғалыс он минутқа кешеуілдегенімен, жүк тиеген ауыр вагондардың екпіні де қатты екенін ескерсек, қақтығыстың салдары қандай боларын болжаудың өзі қиын. Кәсіби шеберлігі мен қырағылығының арқасында апаттың алдын алған Садриддин Бадырдынұлы он екі жылдан бері шойын жолда жүріп шираған білікті маман. Тараз темір жол көлік және коммуникация колледжін бітіргеннен кейін электровоз машинисінің көмекшісі болып жұмысқа орналасқан. Төрт жыл тәжірибесін шыңдаған жас маманның электровозды тізгіндегеніне де сегіз жылдай уақыт болыпты.

Ал 2012 жылы М.Т. Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникация академиясын тәмамдаған Нұрбек Ниязбекұлының темір жол саласындағы еңбек жолы «Бурыл» станциясында жүк қабылдау-тапсырушыдан басталыпты. Екі жылдан соң Шайқорық станциясына ауысып, он жыл пойыз құрастырушы болып жұмыс істеген. 2024 жылы Жамбыл локомотив пайдалану депосына келген электровоз машинисі көмекшісінің жалпы 14 жылдық тәжірибесі бар.

Жамбыл локомотив пайдалану депосы бастығының пайдалану жөніндегі орынбасары Мәди Қонысбаев Тараз – Шу учаскесіндегі апаттың алдын алған электровоз машинисі Асқар Медеубаев та 14 жыл шойын жолда жүрген біліктілігі мен тәжірибесін қатар шыңдаған маман екенін айтады. Ал Бексұлтан Ембергеновтің көмекші болып жолға шыққанына екі жылға жуықтапты.  

– Бұл 13 мамырда Тараз – Шу учаскесінде болған жайт. Машинист Асқар Медеубаев пен Бексұлтан Ембергенов көмекшісі сағатына 65-70 шақырым жылдамдықпен келе жатқан жүк пойызын шұғыл тоқтатып, апаттың алдын алды. Екі оқиға кезінде де өткелдік белгі беру құрылғылары жұмыс істеп тұрған. Тоқтау туралы белгі берілген. Асығамын деп апатты жағдайды туындатқан жеңіл автокөлік жүргізушісі оқиға орнынан жасырынып үлгерген. Барлық ақпараттар желілік полиция бөліміне берілді, - дейді Мәди Қонысбаев.

2004 жылы Тараз жеріне арман қуып, білім аламын деп келген Асқар Медеубаев бүгінде Жамбыл жерінде табысты еңбек етіп жүр.

– Қызылорда облысы, Арал қаласында туып-өстім. М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің көпсалалы колледжін бітірдім. Төрт жылдай өзімді басқа салада да сынап көрдім. 2012 жылы Қарағандыда машинист көмекшісінің жеделдетілген 3 айлық курсын оқып, Шу локомотив пайдалану депосына жұмысқа орналастым. Шуда бір жылдан астам уақыт еңбек етіп, 2013 жылы Жамбыл локомотив пайдалану депосына ауысқанмын, - дейді машинист Асқар Ақсақалұлы.

Алты жыл көмекші ретінде тәжірибе жинап, машинист курсын оқып, біліктілігін арттырған маманның жүк пойызының электровоз машинисі болып еңбек етіп келе жатқанына төрт жылдан асты. Былтыр тағы да біліктілігін көтеріп, 2-сыныпты машинист деңгейін алыпты.

Машинист көмекшісі шойын жолдағы еңбек тәжірибесінің енді қалыптасып келе жатқанын айтады. Тараз темір жол көлік және коммуникация колледжін бітірген Бексұлтан Ембергенов 2024 жылы өз кәсібі электровоз машинисінің көмекшісі мамандығынан бастапты.

Асығыстықтың салдары ауыр, апатқа әкеліп соғу ықтималдығы жоғары. Сондықтан мамандар темір жол бойы қауіпті аймақ екенін ескертеді.

 

Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда
ҚТЖ келбеті
08.09.2026
Аягөз – машинистер ұстаханасы
Спорт
08.09.2026
Жамбылдық волейболшылар «ЦЖС кубогында» күміс жүлдегер атанды
Жаңалықтар / Мұрағат
08.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №71 08 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
08.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ басшылығының SIPG және NIZE Intelligent Technology өкілдерімен кездесуі өтті
Аймақтар
07.09.2026
Қызылорда теміржолында қозғалыс қауіпсіздігі көрсеткіштері жақсарды