Өткелдердің техникалық жай-күйі жіті бақылауда

Суретті түсірген автор
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Семей магистральдық желі бөлімшесі бойынша жаз мезгіліндегі теміржол инфрақұрылымдарының күтімі мен жөндеу жұмыстары қарқын алды. Жоспарлы іс-шаралар аясында бөлімшеге қарасты көптеген теміржол өтпелерін жаңғырту мен жаңалау да бар.    

Мәселен, Семей қаласы аумағында орналасқан 37 теміржол өткелінің техникалық жай-күйіне жүргізілген көктемгі комиссиялық тексеру барысында бірқатар кемшілік анықталған-ды. Соның аясында бүгінде жергілікті жол дистанцияларының арнайы бригадасы жүргіншілер қозғалысы жиі аумақтардағы жол өтпелерін жаңалауда.

– Теміржол өткелдерінің техникалық талаптарға сай болуы пойыздар қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі маңызды факторлардың бірі. Алайда тексеру барысында бірқатар өткелде асфальт-бетон жамылғысының тозғаны, өткел төсемдерінің ақауы және ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу қажеттігі  анықталған болатын. Бұл автомобиль көліктерінің қауіпсіз қозғалысына кері әсерін тигізеді. Осы орайда телім бойындағы бірқатар жол өтпелері қайта жаңарды. Тұрғындар әлеуметтік желілерде алғыстарын білдіруде, – дейді бұл орайда ПЧ-39 мекемесінің техникалық бөлімінің мамандары.

Жалпы, қаладағы автокөлік ағынының ұлғаюына байланысты бірқатар теміржол өткелдеріне түсетін жүктеме де артып келеді. Сол себепті жекелеген нысандарда орташа және ағымдағы жөндеу жұмыстарына талап күшейтілуде.  

Бұл орайда, ПЧ-39 мекемесінің бас инженері Мырзабек Керейбаевтың айтуынша, қысқы кезеңге дайындық аясында теміржол өткелдерінің техникалық жай-күйін жақсарту шараларына бірінші кезекте күш салынған. Соның ішінде әсіресе жаяу жүргіншілер өткелдерін жаңалауға айрықша басымдық берілуде. Мәселен, Семей жол дистанциясының жолшылары қала ішіндегі орталық базар аумағындағы 4 өткелді бір ауысым ішінде ағымдық жөндеуден өткізіп шықты. Оның сыртында ескертпе белгілер де жаңаланып, бірқатар нысандарға жаңадан орнатылды. Осы бағытта ПЧ-39 және Жаңа-Семейдегі ПЧ-40 жол дистанциялары өткел төсемдерін ауыстыру және жол жабындысын қалпына келтіру жұмыстарын жоспарға сәйкес бастап, межелі мерзім ішінде аяқтамақ.

Жалпы, өткелдердегі қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған іс-шараларды күшейту қажеттілігі туып тұр. Мәселен, жаяу жүргіншілердің орталық базар аумағындағы белгіленбеген жерден өтуі себепті өткен жылы бір, биыл 6 айда екі өлімге әкелген адам басу фактісі тіркеліп отыр.  

Биылғы жазғы жол сауықтыру ісіндегі мақсат айқын – теміржол өткелдерінің техникалық жай-күйін нормативтік талаптарға сәйкестендіру. Ол пойыздар қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етудің және жол-көлік оқиғаларының алдын алудың басты шарттарының бірі. Сондықтан бұл бағыттағы жұмыстар желі бойындағы жауапты мекемелердің тұрақты бақылауында болады.

 

Жаңалықтар
11.08.2026
Үкіметте теміржол вокзалдарын жаңғырту мәселелері талқыланды
Инфрақұрылым
11.08.2026
ҚТЖ-да инфрақұрылымды дамыту бағдарламасы аясында ауқымды жұмыс атқарылуда
Қауіпсіздік
11.08.2026
Маңғыстауда рейдтік іс-шаралар жалғасуда
Қауіпсіздік
11.08.2026
Қауіпсіз өткел: Шымкент жол дистанциясында профилактикалық акция өтті
Аймақтар
11.08.2026
Ақтөбе өңірінде жүк тасымалы артты
Спорт
11.08.2026
ҚТЖ құрамасы – үш дүркін чемпион!
Аймақтар
11.08.2026
Абай мұрасы ұлықталды
Жаңалықтар
11.08.2026
Құрметті демалысқа шығарып салды
Жаңалықтар / Мұрағат
11.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №63 11 тамыз 2026 жыл
Спорт
10.08.2026
Нұржан Сағидоллинов армрестлингтен күміс медаль жеңіп алды
Спорт
10.08.2026
Алла Штрошерер ҚТЖ құрамасының қоржынына қола медаль салды
Спорт
10.08.2026
ҚТЖ ерлер құрамасы баскетболдан күміс жүлдегер атанды
Спорт
10.08.2026
ҚТЖ әйелдер құрамасы волейболдан спартакиаданың күміс жүлдегері атанды
Спорт
10.08.2026
Сымбат Нәсіп армрестлингтен чемпион атанды
Спорт
10.08.2026
ҚТЖ футзалшылары «Самұрық-Қазына» спартакиадасында қола медаль жеңіп алды
Аймақтар
10.08.2026
Қауіпсіздік – баршаға ортақ талап
Әлемде
10.08.2026
Грузия теміржолды жаңартуға 1,7 млрд доллар бөлмек
Әлемде
10.08.2026
ЕО елдерінде халықаралық пойыз билеттерінен ҚҚС-ты алып тастау ұсынылды
Жаңалықтар
10.08.2026
«Қарасора-2026»: есірткіге қарсы күрес
Аймақтар
10.08.2026
Тараз филиалының күзет қызметкерлері жаңа формамен толық қамтылд