Жақсы теміржол вокзалын жаңарту жұмыстары аяқталды

Аймақтар
17.07.2026, 17:32

"Қазақстан темір жолы "ҰК" АҚ Жақсы теміржол вокзалын жаңарту жұмыстарын аяқтады. Жұмыстар ҚР Көлік министрлігі мен "Самұрық-Қазына"АҚ қолдауымен Мемлекет басшысы мен Үкіметтің көлік инфрақұрылымын дамыту жөніндегі тапсырмалары шеңберінде орындалды, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Жақсы - II типті вокзал, 1960 жылы салынған. Станция арқылы оны Астана, Алматы, Қостанай, Арқалық, Семей, Павлодар және Маңғыстаумен байланыстыратын сегіз жолаушылар пойызы өтеді.

Қайта құру жұмыстары барысында ғимараттың ауданы 203-тен 221,8 ш.м. дейін ұлғайтылды. Шатыры, қасбеті және ішкі үй-жайлары толығымен жаңартылды, сумен, кәріз жүйесімен, жылумен, электрмен жабдықтау инженерлік желілері және әлсіз ток жүйелері ауыстырылды. Ғимаратқа жаңа жиһаздар мен жабдықтар қойылды, іргелес аумақ абаттандырылды, перрон жаңартылды. Әрлеу үшін отандық өндірістің заманауи берік құрылыс материалдары пайдаланылды.

Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға ыңғайлы болу үшін вокзал ғимаратына кедергісіз кіруді қамтамасыз ететін сыртқы көтергіш орнатылды.

Вокзалды жаңғырту жолаушыларға қызмет көрсету сапасын арттыруға, ішінде отырғанда неғұрлым қолайлы жағдай болуына септік етіп, объектінің заманауи талаптарға сәйкестігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Жаңарту жұмыстарын "Қазақстан темір жолы "ҰК" АҚ өз қаражаты есебінен орындады. Сонымен қатар компания жаңа желілер салуды, магистральдық желіні жаңғыртуды, локомотив және вагон парктерін жаңартуды, сондай-ақ заманауи цифрлық технологияларды енгізуді қамтитын теміржол инфрақұрылымын дамытудың ауқымды бағдарламасын іске асыруда.

 

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады