Жас теміржолшылар Абай еліне рухани саяхат жасады

Аймақтар
22.07.2026, 12:04
Суреттерді түсірген автор
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Семейлік белсенді теміржолшы жастар аймақта өтіп жатқан рухани-мәдени іс-шаралардың да бел ортасынан табылуда. Мәселен жуырда бір топ жас буын сала қызметкерлері облыс көлемінде бастау алған «Абай оқулары» атты тағылымы мол республикалық фестивальге қатысты.

Абай Құнанбайұлының туған күні қарсаңында ұйымдастырылған байрақты жиынға республиканың әр түкпірінен меймандар келді. Теміржолшы жастар да бұл фестивальге қонақ ретінде шақырылған.  

Әуелгі кезекте Семей қаласында орналасқан Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығында республикалық «Абай оқулары» жобасының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Семей магистральдық желі бөлімшесі мен Семей ЖТ бөлімшесі филиалының жастары да барша көпшілікпен бірге символдық мәні зор «Абай және ұлдары» ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, даналыққа тағзым етті.  

Сонымен қатар олар хакімнің мемориалдық музей-үйін тамашалап, ақын өмір сүрген дәуірдің бірегей тарихи-мәдени және құнды жәдігерлерімен танысты. Содан соң теміржолшылар «Абайдың даналық ой-толғамдары» атты мән-мағынасы ерекше форматтағы дәріске қатысты. Онда жастар қауымы хакім мұрасы жайлы бұрын-соңды айтылмаған тың деректерге қанығып, пікір алмасты.

– Өзім Абай туып-өскен Шыңғыстау топырағының ұланымын. Хакім өлеңдері мен қарасөздерін бала кезден жаттап, санаға сіңіріп өстік. Әйтсе де, қазіргі Тәуелсіздік таңында ақын мұралары жаңаша таныстырылып, соны қырынан қарастырылуда. Сол себепті де бүгінгі «Абай оқулары» фестивалінен түйеріміз көп болды. Абай өсиеттері мен жастарға берер кеңесі – ой көзімен қарасаңыз ақылдың сарқылмас кені. Ендігі аралықта біз үшін хакім Абай, қазіргі тілмен айтқанда нағыз коуч-мотиватордың өзі болмақ. Теміржолшы жастар бүгінгі шарадан осындай ой түйдік, – дейді бұл орайда теміржолшыларды бастап келген ұлттық компания бойынша өткізілген «Еңбек адамы - 2025» номинациясының иегері, Семей станциясының аға вагондардың жүру жылдамдығын реттеуші Асан Құрманғалиев.    

Ал, фестивальдің екінші күні қыз-жігіттер Семей-Бөрілі-Жидебай бағыты бойынша көшпелі экскурсияға шығып, қастерлі орындарға зиярат етті.

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады