Түркістан облысында екі теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды

Аймақтар
30.07.2026, 17:18
Оқуға 2 мин

Түркістан облысында Арыс-2 және Тимур теміржол вокзалдарын қайта жаңарту аяқталды, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Жаңарту барысында екі вокзалда шатырды монтаждау, ғимараттарды сыртқы және ішкі әрлеу, кәріз, сумен, жылумен және электрмен жабдықтаудың инженерлік желілерін жаңғырту, перрондарды қайта жаңарту және іргелес аумақты абаттандыру орындалды.

Қайта жаңарту Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Көлік министрлігінің, Түркістан облысы әкімдігінің және «Самұрық-Қазына» АҚ қолдауымен Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында теміржол инфрақұрылымын жаңғырту бағдарламасы шеңберінде жүргізілді. Жоба «ҚТЖ» ҰК» АҚ меншікті қаражаты есебінен іске асырылды.  

 Вокзалдар заманауи жиһазбен және жабдықтармен жабдықталған, тұрғындардың мобильділігі төмен топтарына арналған пандустармен, сондай-ақ өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкес жаңа эвакуациялық шығулармен жабдықталған. Әрлеу жұмыстарын орындау кезінде қазақстандық өндірістің заманауи берік материалдары пайдаланылды.

2012 жылы салынған Арыс-2 вокзалы ғимарат ауданы 610 шаршы метрді сақтай отырып қайта жаңартылды. Вокзал III класқа жатады. Орташа тәуліктік жолаушылар ағыны 249 адамды құрайды. Станция арқылы күн сайын Астана, Алматы, Қарағанды, Көкшетау, Бурабай курорты, Қызылорда, Атырау, Петропавл, Маңғыстау, Ақтөбе, Орал, Шымкент, Түркістан және Шу, сондай-ақ Ресей және Қырғызстанмен қатынайтын 24 жолаушылар пойызы өтеді.

Сонымен қатар 2012 жылы салынған Тимур вокзалының ауданы 490,5 шаршы метр болатын жаңа бір қабатты ғимарат. Вокзал 2 типке жатады. Орташа тәуліктік жолаушылар ағыны 63 адамды құрайды. Станция арқылы күн сайын Алматы, Астана, Қарағанды, Семей, Петропавл, Көкшетау, Бурабай курорты, Атырау, Ақтөбе, Қызылорда, Тараз, Шу, Шымкент және Түркістан, сондай-ақ Ресей, Өзбекстан және Қырғызстанмен қатынайтын 26 жолаушылар пойызы өтеді.  

Вокзалдарды жаңарту елдің 124 теміржол вокзалын жаңғыртудың ауқымды бағдарламасының бөлігі болып табылады.

Жолаушылар инфрақұрылымын дәйекті жаңарту көліктік қызмет көрсету сапасын арттыруға, өңірлерді дамытуға және Қазақстан тұрғындары мен қонақтары үшін қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған.

Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды