Достық – мүмкіндіктер мекені

Аймақтар
31.07.2026, 13:18
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС Достық станциясының жүк және багаж қабылдап-жөнелтушісі Серік Рахметжанов – 32 жылдық тәжірибесі бар теміржолшы ғана емес, жүк қабылдау ісін жетік меңгерген маман.

Міне, 15 жылға жуықтады, күн сайынғы қызметімен Қазақстан арқылы Қытайдан Еуропа және Орталық Азия елдеріне және Ресейге өтетін транзиттік тасымалдың қауіпсіз әрі сенімді орындалуына үлес қосып келеді. Шекара төсіндегі станцияға сонау жаңадан ашылған жылдары, 1992 жылы келген. Еңбек жолын пойыз құрастырушы болып бастады. 2012 жылы қазіргі қызметіне ауысып, теміржол саласында жоғары білім алып, кәсіби деңгейін арттырды.

Жалпы, 1968 жылы Жетісу облысында көп балалы отбасын да дүниеге келген кейіпкеріміз жастайынан еңбекке пісіп өскендіктен, жұмыстан ешқашан бас тартқан емес. Сондықтан жауапты, тиянақты маман қай жұмыста да сыйлы болды. Табанды еңбегі бағаланып, «Адал еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталды. Әйелі де осы станцияда оператор болып істейді. Оның да теміржолдағы еңбек өтілі 30 жылдан асқан. Ерлі-зайыпты теміржолшылар екі бала тәрбиелеп отыр. Олар үшін осы бір табиғаты қатал, қысы аса ызғарлы, жазы аптап ыстық өңірге бауыр басқандары сонша, басқа жаққа қоныс аударуды ойламайды да. Ол үшін Достық – үлкен мүмкіндіктер мекені. Биыл кәсіби мереке қарсаңында компания басшылығы тарапынан елордаға шақырту алған теміржолшыны тағы бір табыс баспалдағы күтіп тұрғаны анық.

– Қытайдан келген жүк вагондарын Достықта қабылдап, қайта тиеп, межелі станцияларға жібереміз. Тәулігіне 500-600 вагондай жүк тиеледі. Оның ішінде ашық, жабық, контейнерлік вагондар бар. Қазіргі таңда контейнерлер бойынша тәулігіне 800-1000 вагондай тиеп, жөнелтіледі. Ел экономикасын дамытуда, Қазақстанның транзиттік әлеуетін күшейтуде және ТХКБ бағдарының басты жолы ретінде бізге үлкен жауапкершілік жүктелетінін білеміз, сол бағытта жауапкершілікпен жұмыс істеп, қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етуге атсалыса береміз, – дейді Серік Дауылбайұлы.

 

Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Инновациялық идеялар жаршысы
Жаңалықтар / Мұрағат
15.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №73 15 қыркүйек 2026 жыл
Аймақтар
14.09.2026
Түрксібтің төл туындысына – 95 жыл
Жолаушылар тасымалы
14.09.2026
Пойызда үй жануарларын алып жүру кезінде жолаушы нені білуі керек?
Әлемде
14.09.2026
Ресей теміржолдарында пойыздардың рельстен шығуы мен соқтығысуы 13%-ға артты