Мерейлі марапат

Аймақтар
04.08.2026, 09:44
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген автор
Ардақ Үсейінова

"Қазақстан теміржолшысы" газетінің Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі

Бұл темір жол бойында тер төгіп, еңбек етіп жүрген адал еңбек иелерінің мерейі асқан күн болды. Жамбылда теміржолшылардың кәсіби мерекесіне орай салтанатты іс-шара ұйымдастырылып, жыл ішінде табысты жұмысымен көзге түскен сала мамандары марапатталды.

«Көне Тараз» тарихи-мәдени этнокешенінде өткен салтанатқа Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Алтай Әлі қатысып, сала мамандарын кәсіби мерекелерімен құттықтады.  

«Жамбыл магистральдық желі бөлімшесі» филиалының директоры Асқар Жексенбиев, «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС «Жамбыл» филиалының бас инженері Дүйсенбек Сыдықов, «Қазтеміржолкәсіп» ҚБ Жамбыл филиалының төрағасы Ерболат Жидебаев саланы дамытудағы теміржолшылардың еңбектеріне тоқталып, ортақ мақсат-міндеттерді жүзеге асырудағы құрылымдық бөлімшелердің қызметкерлері жұмысының ерекшеліктері мен оларға жүктелетін жауапкершілікті атап өтті. Жыл ішінде табысты еңбек еткен мамандарды «Құрметті теміржолшы», «ІІІ дәрежелі Теміржол даңқы» медальдары, «Адал еңбегі үшін», «Үздік жас маман», «Үздік вагоншы», «Үздік энергетик», «Үздік жас маман» сынды жоғары кәсіби біліктілігі үшін берілетін және кәсіподақ саласының төсбелгілерімен марапаттады.  

Табандылық табысқа жеткізеді. Адал еңбектің ақталып, лайықты бағалануының тағы бір айқын көрінісі – 2025 жылғы «Үздік рационализатор» байқауының жүлдегері, Жамбыл магистральдық желі бөлімшесі Түлкібас жол дистанциясының бас инженері Шәмшидин Дадабаевтың «Құрметті теміржолшы» атануы болды. Ал сала ардагері Жұмағали Мұқашұлының «ІІІ дәрежелі Теміржол даңқы» медалімен марапатталуы – теміржол саласындағы еңбек тәжірибесі және ұрпақтар сабақтастығы, аға буынға деген құрметтің сақталуының белгісіндей жылы қабылданды.  

Жалпы бұл күні талапшылдығы мен табандылығының арқасында көзге түскен жүзден астам жамбылдық теміржолшылар түрлі марапатқа ие болды. Салтанатты жиынға шақырту алғандардан бөлек, бөлімшелерде өткен мерекелік іс-шараларда көптеген қызметкерге салалық құрылым басшыларының марапаттары тапсырылды.  

 

Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды
Жаңалықтар / Мұрағат
06.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №79 06 қазан 2026 жыл
Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті