Ақтөбеде үздік теміржолшылар марапатталды

Аймақтар
04.08.2026, 09:54
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген автор
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Ақтөбелік теміржолшылар кәсіби мерекені салтанатты жағдайда атап өтті.

Жолшы, байланысшы, машинист, жолсерік, тағысын тағы өндірістің алдыңғы шебінде жүрген үздіктер марапатталып, саланың дамуына үлес қосып жүрген жас мамандар да лайықты бағасын алды. Ақтөбе магистральдық желі бөлімшесінің басшысы Бөріхан Беркімбаев қызметтік іссапармен Орал қаласындағы вокзалдың ашылу рәсіміне қатысқандықтан ұжымды филиалдың инженері Темірбек Елғонды құттықтады.

– Биыл бөлімше үшін ауқымды жұмыстар атқарылып жатыр. Күрделі жөндеу жұмыстарының едәуір бөлігі аяқталды. Бірқатар теміржол вокзалдары жаңғыртылып, Қандыағаш пен Әйтеке би станцияларында жұмыстар жалғасуда. Жеті разъездік пункт іске қосылып, автоблокировка жүйесін енгізу кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Шалқар – Тассай учаскесіндегі негізгі жұмыстар қыркүйек айына жоспарланған. Осындай нәтижелердің барлығы – тәулікпен санаспай еңбек етіп жүрген теміржолшылардың маңдай терінің жемісі, – деді ол.  

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС Ақтөбе филиалының директоры Берік Досанов өндірістік көрсеткіштердің жоғары деңгейде орындалғанын атап өтті.  

– Алты айдың қорытындысы бойынша жүк айналымы жоспар дан жоғары орындалды. Жөндеу науқаны белгіленген кестеге сай жүргізілуде. Теміржолшы тек рельс пен шпалға жауап бермейді. Әр пойыздың артында мыңдаған адамның тағдыры мен қауіпсіздігі тұр. Сондықтан сіздердің уақытпен санаспайтын еңбектеріңіз ерекше құрметке лайық, – деді филиал директоры.

Салтанатты жиында Көлік министрінің бұйрығымен «Құрметті теміржолшы» белгісі сигнализация және байланыс дистанциясының (ШЧ-5) электромеханигі Нұрлан Ташқараевқа табысталды. Ал «ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының бұйрығымен «ІІІ дәрежелі Теміржол даңқы» белгісі Бершүгір жол дистанциясының участок бастығы Жәдігер Сейсенбіге табысталды. Мерекелік шарада айтылған әрбір жылы лебіз бен табысталған әрбір марапат теміржолшылардың тынымсыз еңбегіне берілген лайықты баға болды.  

 

Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды
Жаңалықтар / Мұрағат
06.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №79 06 қазан 2026 жыл
Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті